Page 80 -
P. 80

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             4.1.1   Көші-қонның басты бағыттары
           халық миграциясының
           басты бағыттарын                Көші-қон дегеніміз – халықтың бір аймақтан басқа аймаққа
           анықтап, себептерін
           түсіндіресің және           уақытша немесе ұзақ мерзімге қоныс аударуы. Халықаралық
           көші-қон сальдосын          кеңістікте «миграция» ұғымын «халықтың механикалық қозға-
           есептейсің.                 лысы» деп те атайды. Көші-қон – қоғам заңдылықтарына бай-
                                            ЕРІКСІЗЛЫҚ НҰСҚА
                                       ланысты халықтың қозғалу үдерісі. Белгілі бір себептерге бай-
                                       ланысты дүниежүзі халқы бір аймақтан екінші аймаққа қоныс
                                       аударып, жер шарының әр аймағына таралған. Сонымен қатар
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       көші-қон үдерісі халықтың демографиялық және әлеуметтік
           ■   халықтың таралуы
                                       құрылымына, этникалық құрамының өзгеруіне елеулі әсер
           ■   қозғалысы
                                       етеді. Көші-қон бағыты бойынша ішкі (мемлекет ішіндегі) және
           ■   көші-қон себептері
                                       сыртқы (бір мемлекеттен екінші мемлекетке) болып бөлінеді.
           ■   қысқа мерзім            Халықаралық (сыртқы) көші-қон ежелгі дәуірден басталып, орта
           ■   ұзақ мерзім             ғасырда Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде дами бастады.
           ■   жұмыс күші              XIX ғасырда капитализмнің дамуы, Екінші дүниежүзілік соғыс,
           ■   репатрианттар           индустрияландыру кезеңі, отарлардың босауына байланысты
                                       үлкен «миграциялық жарылыс» кезеңі басталды. Ал XX ғасырдан
                                       бастап, елдердегі саяси-экономикалық жағдайларға байла-
                                       нысты құрлықаралық және мемлекетаралық көші-қон үдерісі
            Көші-қонның қандай
            бағыттары мен              қарқынды жүруде. 1-cызбада көші-қонның түрлері берілген.
            себептері бар?
            Көші-қон сальдосы             КӨШІП БАРУ                                           ЭМИГРАЦИЯ
            неліктен әр елде                                   ІШКІ           СЫРТҚЫ
            әртүрлі?                      КӨШІП КЕЛУ                                          ИММИГРАЦИЯ
                      ЖОБА
                                                                      БАҒЫТЫ
                                                                     БОЙЫНША                   ТҰРАҚТЫ
             Реэмиграция  (лат.  re
             және emigro – қоныс ау-
             дарамын) – эмигранттар-               ТҮРІ              КӨШІ-ҚОН             ҰЗАҚТЫҒЫ
             дың отанына тұрғылықты             БОЙЫНША                                  БОЙЫНША
             өмір сүру үшін қайтып
             келуі.                          ЕРІКТІ                  СЕБЕПТЕРІ                 УАҚЫТША
                                                                     БОЙЫНША
             Депортация       (лат.
             deportatio  –  шыға-
             ру) – мемлекеттен тұлға-
             ны мәжбүрлеп шығару.       ЭКОНОМИКАЛЫҚ      САЯСИ     ДІНИ     ОТБАСЫЛЫҚ       ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
             Мемлекеттегі  шетел
             азаматтарының заңсыз
             жүруі немесе азаматтығы   ▲  1-сызба. Көші-қон түрлері
             жоқ адамдарға қатысты
             қолданылады.              СУРЕТПЕН ЖҰМЫС
                                       1-сызбадағы саяси, діни, экономикалық, экологиялық себептерге байла-
                                       нысты болған көші-қон мысалдарын инфографика түрінде жаса.




           80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85