Page 77 -
P. 77

Бұзылған қала аумағын рекультивациялау шараларының
           бірі – ландшафтық дизайн. Ландшафтық дизайн, ландшафтық
           сәулет – үш үдеріс қиылысында орналасқан: бір жағынан, сәулет,
           құрылыс және жобалау (инженерлік аспект), екінші жағынан,
           ботаника (биологиялық аспект) және үшінші тарап ақпараттық-
           ландшафтық дизайн пайдаланылады. Ландшафтық дизайнда
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           көгалдандыру, эстетикалық және практикалық талғамдарға
           сәйкес көркейту, жайландыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
               Қазіргі кезде ең танымал ландшафтық дизайнның бағыты –
           көгалдандыру, бау-бақша дақылдарының өнімділігін арттыру.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           Ландшафт дизайнының элементтері әртүрлі. Олардың негізгі
           топтары:
               •  Ғимараттар өздері ландшафтық жобаның орталығын
                 қалыптастырады. Оның негізгі мақсаты – геометриялық
                 дұрыс құрылымдардың табиғи емес сипаттарын түзету,
                 құрылыс қоқыстарын жою.
               •  Шөптердің әртүрлі түрлерінен қалыптасқан шабындықтар.
               •  Жеке ағаштар, бұталар, жасыл екпелер.
               •  Әртүрлі ірі сәндік элементтер (көл, тоған, ағын, фонтан,
                 тастар, мүсін).
                                                                                   ▲  Гидротехникалық
               •  Кішігірім көркемдік мәліметтер (музыкалық суспензия,                мелиорация. Жер
                 шам және т. б.)                                                      үлескілерін құрғату

           ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
           Жұппен не топпен жұмыс. Өздерің тұратын өңірдегі өзгерген ландшафты
           жақсарту жобасын жасаңдар. Бұзылған ландшафтың «осыған дейінгі» фото-
           суретін көрсетіңдер, сыныптың назарына жақсартылған ландшафт жобасын
           (сурет) ұсыныңдар. Сендер бұл ландшафты қалай жақсартасыңдар? Сендерге
           қандай ресурстар керек? Жергілікті тұрғындар қандай экологиялық, әлеу-
           меттік, экономикалық нәтиже көреді? Бұзылған ландшафты жақсартылған
           ландшафтқа айналдыру экономикалық тиімділік тұрғысынан орынды ма?
           Жауаптарыңды дәйектермен дәлелдеңдер.


             БІЛІМІҢДІ ШЫҢДА
             1.  Антропогендік ландшафтарды жақсартуға арналған жұмыстардың        ▲  Франциядағы әйгілі
                 тиімділігіне қарай жікте. Оқулық суреттерін пайдаланып жұмыс         Версаль бақшалары
                 жаса.
             2.   Рекультивациялау бойынша аналитикалық жоба құрастыр. Жоспар:     СУРЕТПЕН ЖҰМЫС
                 жоба миссиясы, рекультивация кезеңдері, техногендік немесе ан-
                                                                                   Версаль бақшалары ланд-
                 тропогендік ландшафтарды қалпына келтіру шаралары.
                                                                                   шафтық дизайнына сипат-
             3.  Қазақстан қалаларында ландшафтық дизайнның қазіргі жағдайы
                                                                                   тама бер.
                 қандай? Даму тенденциясы жайлы ақпарат бер. Фотоколлаж жаса.







                                                                                                         77
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82