Page 76 -
P. 76
Үшінші – биологиялық рекультивация кезеңі. Бұл жұмыс
техникалық рекультивация кезінде дайындалған жерге құнарлы
қабат қалыптастырып, осы жерді орман алқабына немесе ауыл
шаруашылығы алқабына айналдыруды мақсат етеді.
Бұзылған жерлерді өңдеуде дүниежүзіндегі қызықты жо-
балардың бірі – Шанхай қала орталығынан отыз километр
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
қашықтықта салынған Songjiang InterContinental қонақ үйінің
құрылысы. Құрылыстың ерекшелігі – қонақ үй үлкен 90 метрлік
карьерде салынған. Songjiang InterContinental Қытайдың эколо-
гиялық тұрғыда ең таза қонақүйлерінің бірі деп аталды. Соңғы
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
технология – күн мен геотермальдық энергияны пайдаланады.
Карьердегі қонақ үй 2018 жылдың мамырында ашылды.
Мелиорация – жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру
немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәре-
жеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы
және табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. Мелиорация
нысандарына жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері,
топырақ, шабындық, суқоймалар жатады.
Мелиорация – суландыру, құрғату, орман мелиорациясы,
агромелиорация, химиялық мелиорация болып бөлінеді. Ең көп
таралған түрі – гидротехникалык мелиорация шаралары: топы-
рақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру.
Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафтық өзгерістердің
мүмкін болатын дәл болжамын жасаудың маңызы зор. Оларды
есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануы-
на, жердің батпақтануына және т. б. зардаптарға алып келуі мүм-
кін. Мелиорацияның негізгі мақсаты – алдыңғы қатарлы ғылым
мен техниканы пайдалана отырып, жерді жақсартуға арналған
▲ Қытай еліндегі шараларды қолдану. Ылғалдың, ауаның, күннің жылылығы мен
рекультивациялау радиациясының және топырақтың қоректену режімін дұрыс
пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты
ЗЕРТТЕ және мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну.
Рекультивация нысанда- Жалпы мелиорация ауыл шаруашылығы мелиорациясы
рын ата. және техникалық мелиорация болып бөлінеді. Ауыл шару-
ашылығы мелиорациясы – шаруашылық жұмыстарын ұйымдас-
тыру және техникалық шараларды тиімді түрде пайдалану
әдістері. Техникалық мелиорация шараларын атқару нәтиже-
сінде топырақ пен жер қыртысының құрылымы жақсара түседі,
канал, тоған, суқоймалары және бөгендердің жақтаулары мен
табаны нығайтылады. Суармалы жерлердің химиялық және
физикалық қасиеттері нашар болса, оған агротехникалық ме-
лиорация шаралары, сонымен қатар химиялық мелиорация
▲ Ауыл шаруашылығы қолданылады.
мелиорациясы
76

