Page 98 -
P. 98
ЗЕРТТЕ айырмашылық бар. Әлемдегі тұщы су қорының көп мөлшері
АКТ-ны қолдана отырып, адам аз қоныстанған Антарктика мен Гренландия мұздықта-
кестедегі мемлекеттер- рында шоғырланса, ал адам көп қоныстанған Африка мем-
ге қатысты мәліметті то- лекеттері үшін ауыз су тапшы. Табиғи ресурстардың мұндай
лықтыр:
• мұнайдың қоры мен айырмашылығын кейбір мемлекеттер әртүрлі жолмен шешуде.
құнын; Олар геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру, кей-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
• табиғи газ қоры мен бірі жаңа технологиялар енгізу, енді бірі энергияны үнемдеу
құнын анықтап, кестені арқылы шешуде.
толтыр.
Ресурспен қамтамасыз ету – табиғи ресурстардың көлемі
мен оларды қолдану мөлшерінің арақатынасы болып табыла-
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
ды. Ресурспен қамтамасыз ету жылдармен немесе жан басына
«Ресурстық қарғыс» фе- шаққанда ресурстың қорымен есептеледі.
номені. Бұл феноменнің Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау. Табиғи
мағынасы мынада: та-
биғи-ресурстық потенци- ресурстарды экономикалық бағалау – бұл шаруашылықта қол-
алы жоғары мемлекеттер данылатын ресурстардың ақшалай құны.
көп жағдайда жоғары Табиғи-климаттық жағдай мен табиғи ресурстардың белгілі
экономикалық көрсеткіш- бір аумақта үйлесуі табиғи-ресурстық потенциалды құрайды.
ке қол жеткізе алмайды, Табиғи-ресурстық потенциал – белгілі бір географиялық ай-
керісінше табиғи ресурс-
тарға «кедей» мемлекет- мақтағы қоғамның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік,
тер жоғары экономикалық мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағат-
көрсеткіштерге ие болады. тандыратын табиғи-ресурстық және табиғи жағдайларының
Мысалы, Жапония, Синга- жиынтығы. Табиғи-ресурстық потенциалдың негізгі сипатта-
пур, Малайзия, Оңтүстік малары: географиялық орналасуы, климаттық жағдайы, жер
Корея т.б. мемлекеттерде
табиғи ресурс тапшы, бірақ бедерінің ерекшелігі және әртүрлі ресурстардың болуы.
мемлекеттердің экономи-
калық даму көрсеткіші Қазақстанның табиғи-ресурстық потенциалы
жоғары.
Географиялық орналасуы. Қазақстан Республикасы Еу-
разия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республика
жерінің ауданы – 2724,9 мың км². Аумағының өлшемі жөні-
нен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі
құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің
аумағы жөнінен дүниежүзінде 9-орын алады. Жалпы аумағы
бүкіл Жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1%-ын құрайды.
Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейін төртінші
орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында
тұр. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан Қазақстан
Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен
Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орна-
ласқан. Бұл сыртқы сауданы жүргізуге қолайсыздық тудыруда.
Климаттық жағдайы. Қазақстан климатының шұғыл кон-
тиненттілігі мен құрғақшылығы географиялық орны мен мұ-
хиттан алыс жатуына байланысты. Агроклиматтық ресурстар да
табиғи-ресурстық потенциалға өз әсерін тигізеді. Солтүстігінде
98

