Page 93 -
P. 93

Алматы қаласы Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі болған-
           дықтан ластану деңгейі де жоғары. Қаладағы өндірістің өсуі,
           экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы
           қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Қаланың
           ластануына айтарлықтай әсер етіп жатқан автокөліктер саны
           жыл сайын артып отыр. Жыл сайын көліктердің саны 40 мыңға
           ды. Сондықтан ірі қалалардың маңында жоспарсыз, жобасыз бой көтерген ҰСҚА
           дейін көбеюде. Сонымен қатар Алматыға басқа қалалардан
           күніне 200 мыңға жуық автомобильдер келіп, кетеді. Ал әрбір
           мың автомобильден күніне ауаға шамамен 3000 кг көміртек
           оксидтері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн т шамасында
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           көміртек оксидін, 56 млн т көмірсутек, 28 млн т азот оксидін
           ауаға бөледі.

           ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
           Дүниежүзінде урбандалу қарқынының нәтижесінде «жалған урбандалу»
                 тен? ЖОБАЛЫҚ Н
           үдерісі жүруде. Жалған урбандалу, әсіресе халық саны көп, даму деңгейі
           төмен мемлекеттерде көп кездеседі. Ауыл халқының жаппай ірі қалаларға
           қоныс аударып,  тұрғын үй, жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмай-

           лашықтардан жүздеген кедейлер аудандарды құрады. Бұл аудандарда қала
           мәдениеті мен жағдайы жоқ жалған урбандалу үдерісі басталады. Жалған
           урбандалу үдерісі Латын Америкасы елдерінде, Үндістанда жиі кездеседі.
           Жалған урбандалу жүретін елдерде бұл аудандардың өз атаулары бар. Мы-
           салы, Бразилияда – фавела, Венесуэлада – барриос, ал Африка елдерінде
           бидонвили деп аталады.

           ЗЕРТТЕ!
           Урбандалу үдерісімен қалалардың және олардың маңындағы жерлердің
           ұлғаюы, экологиялық, көлік, тұрғын үй және әлеуметтік проблемалардың
           шиеленісуі қатар жүреді. Осы бойынша зерттеу жаса. Өз зерттеуіңді сынып
           алдында таныстыр.
           1.  Пекин қаласында ауаның ластануы қауіпті деңгейде. Экологиялық проб-
              лемалардың себептері мен салдарын анықтап, шешу жолын ұсын.
           2.  Жалған урбандалу үдерісінің себептерін анықта.                      ▲  4-сурет. Қаладағы
           3.  Тұрғын үй және әлеуметтік проблемаларды анықтап, шешу жолын ұсын.      жалған урбандалу
           4.  Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай жұ-
              мыстар жасау қажет?

             БІЛІМІҢДІ ШЫҢДА
             1.  Урбандалуға әсер етуші факторлардың қайсысы маңызды? Нелік-

             2.  Ірі мегаполистер мен агломерациялардың көп болуының қандай
                 артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
             3.  ХХ ғасырдың ортасына дейін ірі қалалардың негізгі бөлігі Еуропада
                 орналасқан болса, қазірде бұл көрсеткіш қалай өзгеруде?






                                                                                                         93
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98