Page 96 -
P. 96

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             5.1.1   Табиғи-ресурстық
           жекелеген аймақтардың                   потенциалды бағалау
           табиғи-ресурстық
           потенциалын бағалауды
           (қазақстандық                   Табиғи-ресурстық потенциалды бағаламастан бұрын, та-
           компонентті қосымша         биғи ресурстарға анықтама беріп, жіктеп алайық. Табиғи ре-
           қамту негізінде) оқып
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           үйренесің.                  сурстар – адамзат қоғамының материалдық, ғылыми, рухани,
                                       және мәдени мұқтажын қамтамасыз ететін табиғаттың құрамдас
                                       бөліктері. Жалпы, табиғи ресурстың бірнеше түрі бар: ми-
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       нералды шикізат, энергетикалық, рекреациялық, климаттық
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           ■   аймақтық потенциал
                                       (агроклиматтық), су, жер (топырақ), орман, биологиялық (Дү-
           ■   Жер                     ниежүзілік мұхитты қоса).
           ■   су                          Алайда, табиғи ресурстар пайда болу көздеріне, алмас-
           ■   биологиялық             тырылуына, сарқылуына және өндірісте қолданылуына бай-
           ■   минералды               ланысты да жіктеледі.
           ■   рекреациялы                 1. Пайда болу көздеріне қарай бұл ресурстар биологи-
           ■   агроклиматтық           ялық, минералды және энергетикалық болып бөлінеді.
             ресурстар                     А. Биологиялық ресурстар – бұл биосфераны құрайтын бар-

                                       лық тірі ағзалардың жиынтығы. Бұған мәдени өсімдіктер, үй
                                       жануарлары, көркем ландшафт, микроағзалар және өсімдіктер
            Жекелеген                  мен жануарлар дүниесі жатады.
            аймақтардың                    Ә. Минералды ресурстар – шаруашылыққа пайдалануға
            табиғи-ресурстық           жарамды литосфераның барлық заттық құрамы. Минералды
            потенциалы қандай?
            Қазақстанның               шикізаттар кенді (егер металл өндірсе), кенсіз (бейметалл заттар:
            табиғи-ресурстық           фосфор, әктас өндірсе) деп те бөлінеді. Егер минералды бай-
            потенциалы қандай          лықтар отын ретінде пайдаланылса (көмір, мұнай, табиғи газ,
            деңгейде?                  шымтезек, ағаш, жанғыш тақтатас, атом энергиясы) өндірілсе,

                                       оларды отын-энергетикалық ресурстар деп атайды.
             Потенциал  (potential)        Б. Энергетикалық ресурстарға Күн энергиясы, атом-отын
             латынша  «potencia»  –    энергетикасы, геотермальды және басқа да энергия көздерінің
             «күш»,  «қуат»  дегенді   жиынтығы жатады.
             білдіреді.
                                           2. Алмастырылуына байланысты:
                                           •  Алмастырылатын ресурстар – шикізат, отын және әртүрлі
                                             энергия түрлері жатады.
                                           •  Алмастыруға келмейтін ресурстарға ауа, су, яғни өмір
                                             сүру үшін маңызды ресурстар кіреді.
                                           3. Сарқылуына байланысты:
                                           3.1. Сарқылмайтын ресурстарға: Күн энергиясы, жел энерги-
                                       ясы мен судың қозғалысы, дүниежүзілік мұхит пен фотосинтез
                                       энергиясы, геотермальды энергия жатады.
                                           3.2. Сарқылатын ресурстарға: ғаламшарлық ауқымда қоры
                                       шектеулі ресурстар жатады. Олар өз кезегінде қалпына келетін
                                       және қалпына келмейтін болып бөлінеді.


           96
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101