Page 100 -
P. 100

Спектрлік талдау (спектроскопия) – заттың сапалық және
                                       сандық құрамын спектр бойынша анықтау. Оның көмегімен
                                       жұлдыздырдың құрамы зерттелді. Спектрлік талдаудың идеясы
                                       қарапайым: зерттелетін заттың спектрін, химиялық элементтер
                                       спектрлерімен салыстырады. Заттың құрамында элементтің бар
                                       немесе жоқ екені туралы қорытынды жасалады. Спектроскопия
           ▲  5-сурет. Магнийдің  ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.
                                           Спектроскопия зерттеу нысаны бойынша: масс-спектрос-
                                       копия, атомдық спектроскопия, молекулалық спектроскопия,
                                       ядролық спектроскопия және т. б. түрлеріне бөлінеді. Электро-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       магниттік сәулелерді шығару типіне қарай: инфрақызыл-спект-
                                       роскопия, ультракүлгін-спектроскопия, радиоспектроскопия,
                                       ядролы-магнитті-резонанс спектроскопиясы және т. б. типтерге
                                       жіктеледі. Әрбір спектроскопиялық әдістің өзінің қолдану айма-
                                       ғы, өз аспабы, аналитикалық сигналды алу ерекшеліктері бар.
           ▲  4-сурет. Масс-           5-ТАПСЫРМА. Элементтердің изотоптық құрамын спектрлік талдаудың
              спектрометр              қандай тәсілі арқылы анықтайды? 3-суретте көрсетілген масс-спектр графигі
              – құрылысы               бойынша магнийдің салыстырмалы атомдық массасын есепте.
              күрделі аспап
                                           Масс-спектроскопия – ион массасының зарядқа қатынасын
                                       және мөлшерін анықтау арқылы заттарды зерттеу әдісі. Зат-
                                       тарды талдау арнаулы масс-спектрометр аспабында жүзеге
                                       асырылады. Масс-спектрометр – өте сезімтал, талдауға зерт-
                                       телетін заттың өте аз мөлшерін алса да жеткілікті.
                                           Масс-спектрометр молекуланың қандай атомдардан тұ-
        100
                                       ратынын, молярлық массасын, құрылысын және химиялық
                                       элементтің изотоптық құрамын анықтайды.
             24  +
         80   Mg
            (78.70%)                       Зерттелетін заттың үлгісі электрондармен атқыланып, оң
                                       зарядталған ионға айналады. Иондар электр өрісінің әсерінен
         60
                                       жеделдетіледі. Жеделдетілген иондарды магнит өрісі арқылы
                                       өткізеді, иондар массалары бойынша бөлінеді және тіркеледі.
         40
                                       Масс-спектрлер – ион массасының оның санына қатынасының
                                       тәуелділігін көрсететін графиктер. Абцисса осіне ион масса-
         20           25      26  +    сының оның зарядына қатынасы (m|z), ординат осіне – белгілі
                       Mg +    Mg
                     (10.13%)  (11.17%)
                                       ион түрінің салыстырмалы шамасы көрсетіледі. Әрбір заттың
         0                             масс-спектрі жеке тек сол затқа ғана тән болады. Масс-спектр –
              24       25       26
                                       зарядталған бөлшектерді олардың массасы, дәлірек айтқанда
                                       массаның зарядқа қатынасы бойынша сұрыптау.
              масс-спектрі
                                       6-ТАПСЫРМА. Белгісіз затты анықтайтын, заттың құрылысын зерттейтін
                                       қандай спектроскопиялық әдісті білесің?
                                           Инфрақызыл спектроскопия – заттардың инфрақызыл сәу-
                                       лелерді сіңіруіне негізделген зерттеу тәсілі. Инфрақызыл спектр
                                       заттың инфрақызыл сәулелерді сіңіру нәтижесінде түзіледі.

           100
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105