Page 96 -
P. 96

5.4  Белгісіз заттардың құрамын

                                                сапалық талдау





            Белгісіз заттардың         ТАПСЫРМА. Сынауықтарға тұз қышқылы, натрий карбонаты, калий
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            сапалық құрамын            сульфаты, калий силикаты ерітінділері құйылғаны белгілі, бірақ ыдыс-
            анықтаудың қандай          тың сыртында заттардың формулалары жазылмаған. Қай сынауыққа
            әдістері белгілі?  Осы     қандай зат құйылғанын реактивтердің көмегімен және көмегінсіз қалай
            әдістер тәжірибе           анықтауға болады? Эксперименттің жоспарын жаса. Заттарды анықтау
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            жүзінде қалай              ретін көрсет.
            қолданылады?                   Теориялық кесте құру. Белгісіз заттың сапалық құрамын
                                       реактивтер көмегімен және онсыз да анықтауға болады. Белгісіз
                                       заттардың құрамын зерттеуде сулы ерітінділердегі катиондар
                                       мен аниондардың сапалық реакциялары қолданылады. Са-
                                       палық талдау кезінде бір реагентпен, бірнеше катион немесе
                                       анион тұнбаға түсуі, иондардың сапалық талдауын қиындатады.
                                       Тәжірибе жоспарын жасау иондарды белгілі кезекпен анық-
                                       тауға мүмкіндік береді. Алдымен теориялық кесте құрылады.
                                       Кестеде зерттелетін заттардың саны қанша болса, тор сандары
                                       да сонша болады. Мысалы, егер зерттелетін заттар саны бесеу
                                       болса, көлденең және тік бағандағы торкөз саны бесеу болуы
                                       керек. Көлденең бағандағы торкөздерге зерттелетін заттар-
                                       дың формулалары, тік бағандағы торкөздерге реактивтердің
                                       формулалары жазылады. Есептің шартында белгісіз заттарды
                                       басқа реактивтің көмегінсіз анықтау көрсетілсе, тік және көл-
                                       денең бағандағы торкөздерге бірдей зерттелетін заттардың
                                       формулалары жазылады. Қиылысқан торкөздерде заттардың
                                       әрекеттесуі нәтижесінде түзілген заттардың формулалары және
                                       тұнбаның түзілуі – ↓, газдың түзілуі – ↑ шартты белгілермен көр-
                                       сетіледі. Реакция белгілері байқалмаса (–) таңбасы қойылады.

                                           Тәжірибелік кесте құру. Бұл кестеде көлденең және тік
                                       бағандағы торкөздерге ерітінділер құйылған ыдыстардың
                                       нөмірлерін көрсетеді. Қиылысқан торкөздерде ерітінділерді
                                       бір-біріне құйған кезде байқалатын реакцияның белгілері
                                       шартты түрде жазылады, тұнба белгісінің жанына тұнбаның
                                       түсін, сипатын жазып қойса да болады. Теориялық кесте мен
                                       тәжірибелік кестені салыстырады. Салыстыру қорытындысы
                                       бойынша белгісіз заттарды анықтайды. Тәжірибенің алдында
                                       ерітіндінің түсі бойынша ыдыстағы заттарды алдын ала болжауға
                                       болады. Ерітіндіге Cu  ионы көгілдір, Fe  ионы сары қоңыр,
                                                                                    3+
                                                               2+
           ▲  Құрамында түсті          Co  ионы қызғылт, Ni  жасыл түс береді.
                                                               2+
                                          2+
              иондары бар
              ерітінділер
           96
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101