Page 98 -
P. 98

5.5  Заманауи инструменттік

                                                анализ әдістері

            Қасиеттері ұқсас
            заттардың
            қоспалары,                 1-ТАПСЫРМА. Темір жоңқасынан, күкірт пен мыс (ІІ) оксиді ұнтақтарынан
            фломастер бояулары,        және ас тұзы кристалдарынан тұратын қоспа берілген. Қоспадан заттарды
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            изотоптар құрамдас         қалай бөліп алуға болады? Сия ерітіндісі таза зат па, әлде қоспа ма?
            бөліктеріне                2-ТАПСЫРМА. Ботаник М.С. Цветтің  тәжірибесі.  Орыс  ботанигі
            қалай бөлінеді?            М.С. Цвет өсімдік жапырағын жасыл түске бояйтын хлорофилдің құрамын
            Заттың химиялық            зерттеді. Хлорофилл компоненттерін дистилдеу, тұнбаға түсіру әдістері
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            құрамын дәл, тез           арқылы бөлу мүмкін болмады. 1903 жылы М.С. Цвет тәжірибе жасады.
            анықтайтын                 Шыны түтікшені ұнтақ бормен толтырды, оны бензолмен ылғалдандырды.
            қандай заманауи            Ұнтақталған балғын жапырақтардан алынған хлорофилл ерітіндісін бор
            инстументтік               ұнтағымен толтырылған шыны түтікшеге құйды. Бор ұнтағының жоғарғы
            әдістерді білесің?         жағы бірден жасыл түске боялды. Шыны түтікшеге тамшылатып бензол
                                       құйғанда, жасыл сақина түтікшемен жылжи отырып, түрлі түсті бірнеше
                                       жолаққа бөлінді. Бұл суретті М.С. Цвет хроматограмма (грек. chromatos –
           ТІРЕК СӨЗДЕР:               түс, grapho – жазамын) деп атады.
                                           1.  Ғалымның хлорофилл пигментін зерттеудегі мақсаты неде?
           ■  хроматография
                                           2.  Бор толтырылған шыны түтікшеге хлорофилл ерітіндісін құйған-
           ■  жылжитын фаза                   нан  кейін,  шыны  түтікшеде  әр  түсті  жолақтардың  түзілуін  қалай
                                              түсіндіруге болады?
           ■  жылжымайтын фаза
                                           3.  Ғалым  тәжірибе  нәтижесі  бойынша  қандай  қорытындыға  келді
           ■  масс-спектроскопия              деп ойлайсың?
           ■  инфрақызыл                   4.  М.С. Цвет  тәжірибесі  заттарды  анықтаудың  қандай  заманауи
             спектроскопия                    тәсілінің негізін қалады?
                                           Хроматографиялық әдістердің барлығына ортақ, жалпы
                                       белгілері бар. Кез келген хроматографиялық бөлу талданатын
                                       сынаманың жылжымайтын фаза арқылы қозғалуына негіз-
                                       делген. Талданатын сынама жылжитын фаза, яғни еріткіш
                                       ағынымен жылжымайтын фаза арқылы өтеді. Қоспаның құра-
                                       мындағы заттардың сорылу қабілеті мен жылжу жылдамдығы
                                       әртүрлі болғандықтан, адсорбент бойымен түрлі биіктікте
                                       құрамбөліктерге бөлінеді. Сіңірілу қабілеті жоғары заттар
                                       жылжымайтын фазаның жоғарғы жағына, нашар сіңірілетін
                                       заттар төменгі жағына орналасады. Егер сіңірілетін заттар түсті
                                       болса, жылжымайтын фаза қабатында хроматограмма деп ата-
                                       латын түсті жолақтар пайда болады. Хроматографиялық әдіс-
                                       тердің жіктеу тәсілдері әртүрлі. Мысалы: жылжитын фазаның
                                       агрегаттық күй іне қарай: газды, сұйықты және газды-сұйықты
                                       хроматография болып бөлінеді. Хроматографиялық әдістер
                                       зертханалар мен өнеркәсіпте көп құрамбөлікті жүйелердің
                                       сандық, сапалық талдауларында, өнеркәсіптік бақылауларда,
                                       құрамы күрделі органикалық заттарды, мысалы, дәрумендер,
           ▲  1-сурет.  Хлорофилді     гормондар, антибиотиктерді және т. б. тазалауда, сонымен
              бөлу тәжірибесі

           98
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103