Page 109 -
P. 109

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

           Нитинол деп аталатын никельдің титанмен құймасының «есте сақтау қабі-
           леті» бар.  Нитинолдан жасалған жалпиған не иілген бұйымды қыздырған
           кезде бастап қы пішініне қайта келген, яғни ол деформацияға дейін қандай
           болғанын «есте сақтайды». Құймалардың бұл «есте сақтайтын» қасиеті
           өнеркәсіпте, мысалы, ғарыш техникасында қолданылады.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
               Өнеркәсіпте едәуір жиі қолданылатын металл құймалары –
           бұл қара (шойын, болат) және түсті (қола, жез, дюралюминий
           және т. б.) құймалар. Қола мен жездің негізгі құрамбөлігі – мыс.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           Қоладан көркем бұйымдар, сантехникалық арматуралар, құ-
           бырлар, үйкеліс және жоғары ылғалдылық жағдайында жұмыс
           істейтін бөлшектер жасайды. Механикалық, антифрикциялық
           қасиеттері мен өзіндік құнын төмендету үшін жезге мыстан
           арзан мырышты қосады. Жездің қаттылығы, пластикалығы,
           коррозияға тұрақтылығы жоғары. Сондықтан жоғары ылғал-
           дылық жағдайында жұмыс істейтін бөлшектер жасау үшін қол-
           данылады.

             СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
             1.  Құйма дегеніміз не?
             2.  Құрамы бойынша қола мен жездің ұқсастығы мен айырмашылығын
                 айтып бер.
             3.  Мыстың балқу температурасы 1085 °C, ал қоланың балқу темпе-
                                                                                   ▲  Жезден жасалған
                 ратурасы шамамен 1140 °C. Құйманың құрамына кіретін металға
                                                                                      бұйымдар
                 қарағанда баяу балқитынын түсіндір.
             4.  Құймалар туралы мынадай пікірлердің қайсысы дұрыс?
                 A.  Құймалардың көбісі олар жасалған жеке элементтерге қарағанда
                    пайдасы аз.
                 Ә. Өнеркәсіпте құймалар емес, металдар кеңінен қолданылады.
                 Б.  Құймалардың көбісінің электрөткізгіштігі олар жасалған метал-
                    дардың электрөткізгіштігіне қарағанда едәуір аз.
                 В.  Құймалардың көбісінің жылуөткізгіштігі олар жасалған метал-
                    дардың жылуөткізгіштігіне қарағанда едәуір аз.
             5.  Неге құйманың беріктігі мен қаттылығы құрамына кіретін металға
                 қарағанда жоғары?

             6*. Құрамында мырыштың 15% және 22% мөлшері бар екі құйма бар.
                 Бірінші құймадан 90 кг, екінші құймадан 50 кг балқытқан кезде
                 мырыштың массалық үлесі қандай болады? (17.5)








                                                                                   ▲  Қоладан жасалған
                                                                                      бұйымдар

                                                                                                        109
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114