Page 107 -
P. 107

Металдар сұйылтылған және концентрлі азот қышқылымен                КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА
           үш реакция өнімін түзіп әрекеттеседі:                                   Мыс (ІІ) хлоридін металды
                 Me + HNO  → тұз + су + NO  (N , N O, NO, NH NO )                  хлорсутек  қышқылында
                             3                  2   2   2          4    3
                                                                                   ерітіп алады. Ол үшін ме-
               Мысалы, мыс сұйылтылған және концентрлі азот қышқы-                 талды алдымен күйдіреді.
           лымен әртүрлі өнімдер береді:                                           Неге металды алдын ала
                  Cu  + 4HNO          → Cu(NO )       + 2H O + 2NO                 күйдіреді? Жауабыңды тү-
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                    (қ)         3(конц.)       3 2(сулы)   2  (с)     2(г)
                                                                                   сіндір.
                 3Cu  + 8HNO           → 3Cu(NO )        + 4H O + NO
                     (қ)        3(сұйылт.)        3 2(сулы)   2  (с)    (г)
               Бірақ кейбір металдар концентрлі күкірт және азот қыш-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           қылдарында оксид қабықшасымен жабылады да, олардың
           қышқылдармен әрекеттесуіне кедергі келтіреді. Мұндай үдеріс
           енжарлау (пассивирование) деп аталады.

           5-ТАПСЫРМА. Күміс нитратының ерітіндісіне сынап тамшысын тамыз-
           ғанда сынауық бетінде ұсақ жылтыр кристалдар түзіледі. Осы құбылысты
           түсіндір.

             СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
             1.  Барлық металдар үшін қандай қасиет тән емес?
                 а)  соғымдылық;                 в) металдық жылтыр;
                 ә)  қатты агрегаттық күй;       г)  жылуөткізгіштік.
                 б)  электрөткізгіштік;

             2.  Қандай температурада мыстың электрөткізгіштігі жоғары болады? Жауабыңды түсіндір.
                 а)  100 °С;                     в) 40 °С;
                 ә)  80 °С;                      г)  20 °С.
                 б)  60 °С;
             3.  Сынап, алюминийді пайдалануға мысалдар келтір. Оларды пайдалану металдардың қандай қа-
                 сиетіне негізделген?
             4.  Неліктен механикалық әсер еткен кезде қатты зат – шыны кесектерге шашырап кетеді, ал металдар
                 пішінін өзгертіп, майысады?
             5.  Жүруі мүмкін реакция теңдеуін аяқтап жаз:
                 а)  Hg  + HCl   →        б) K  + H O  →               г) Zn  + H O  →
                      (с.)   (сулы)           (қ.)  2  (с.)                 (қ.)  2  (г)
                 ә)  Mg  +HCl    →        в) Pb  + FeCl     →          ғ) Mg  + O  →
                       (қ.)  (сулы)            (қ.)    2(сулы)               (қ.)  2(г)
             6.  Мынадай тұздардың ерітінділері берілген: натрий хлориді, мыс (ІІ) сульфаты, қорғасын (ІІ) нитра-
                 ты, күміс нитраты, алюминий сульфаты. Мырыш қандай тұздардың ерітінділерімен әрекеттеседі?
                 Химиялық реакция теңдеулерін жаз.
             7.  Мынадай металдардың (таза күйінде): мырыш, натрий, барий, мыс, алюминийдің қайсысы суық
                 сумен әрекеттеседі? Химиялық реакция теңдеулерін жаз.
             8*. 13 г мырышты 200 г 20%-дық тұз қышқылының ерітіндісімен қалыпты жағдайда өңдеді. Бөлінген
                 газ мөлшерін есепте.
             9*. Натрий кесегін концентрлі күкірт қышқылына салған кезде шіріген жұмыртқаның иісі бар газ
                 бөлінеді. Коэффициенттерін қойып, химиялық реакция теңдеулерін жаз.





                                                                                                        107
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112