Page 120 -
P. 120

Сілтілік металдар сумен әрекеттескенде сілті түзіледі және
                                       сутек бөлінеді: 2Na +2H O =2NaOH              +H
                                                            (қ.)   2  (с.)       (ер-ді)  2(г.)
                                           Рубидий мен цезий төмен температурада мұзбен әрекет-
                                       теседі (–110 ˚С).
                                           Сілтілік металдар мен олардың қосылыстарының қолданылу
                                       аймақтары әр алуан. Сілтілік металдардың жоғары химия-
                 Рубидий Rb ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       лық белсенділігі, олардың ауа құрамбөліктерімен әрекеттесу
                                       қабілеттері құймалардан ауа көпіршіктерін жою үшін және
                                       электр құралдарында вакуум жасауда қолданылады. Сілтілік
                                       металдар басқа металдармен құйма жасауда қолданылады,
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       мысалы, натрийдің сынаппен құймасы (амальгама) алтынды
                                       бөліп алуда қолданылады. Заманауи сілтілік аккумуляторлар
                                       литий гидроксидінің негізінде жасалған. Ертеден бері натрий
                                       мен калий қосылыстары жуғыш заттар ретінде қолданылған.


             СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
             1.  2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында Дубна қаласында (РФ) жаңа химиялық элементтерді
                 синтездейтін жылдамдатушы кешенді іске қосу жоспарланған. Ғалымдар сегізінші периодтың
                 алғашқы № 119 элементін алуға үміттенуде. Осы элементтің қасиеттерін франциймен салысты-
                 рып ата: сыртқы деңгейдің электрондық формуласы, радиусы, электртерістілігі, металдық немесе
                 бейметалдық қасиеттері, химиялық белсенділігі.
             2.  Калий мынадай заттардың: оттек, азот, фтор, су, натрий гидроксиді, литий хлориді, күкірт қышқылы
                 ерітінділерінің қайсысымен әрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазып, реакция
                 өнімдерін ата. Қандай реакциялар тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады? Неге?

             3.  Айналуларды жүзеге асыр: Na→NaOH→Na SO . Заттарды ата.
                                                        2  4
             4.  Д. И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінде көрші тұрған екі элементті
                 анықта. Қосылыстарында олар (+1) тотығу дәрежесін көрсетеді. Олардың қосылыстарының бірі
                 жалынды сары түске бояйды, басқасын күлгін түске бояйды.
             5.  Үш нөмірленген сынауықта литий, натрий және калий хлориді ерітінділері бар. Басқа реактивтерді
                 пайдаланбай, сынауықта не бар екенін анықта.

             6.  Кестеде сілтілік металдардың кейбір физикалық қасиеттері берілген.
                 Сілтілік   Таңбасы   Атомдық  Салыстырмалы   Қайнау         Балқу           Тығыздығы,
                 металл            нөмірі   атомдық массасы  температурасы, ˚С температурасы, ˚С г/см 3
                 Литий             3                         1342            181             0,535
                 Натрий                                      880             98              0,971
                 Калий                                                       63              0,862
                                                             688                             1,53
                 Цезий     Cs               133              671             28              1,87

                 А.  «Таңба», «Атомдық нөмір» және «Салыстырмалы атомдық масса» бағандарын толтыр.
                 Ә. Берілген деректердің негізінде калийдің қайнау температурасын болжа.
                 Б.  Неліктен осы мәнді таңдағаныңды түсіндір.
                 В.  Кестеде берілген деректерді пайдаланып, рубидийдің балқу температурасын болжа.
                 Г.  Неліктен осы мәнді таңдағаныңды түсіндір.

           120
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125