Page 122 -
P. 122

2-ТАПСЫРМА. 1-кестеде берілген деректермен таныс. Заттардың физи-
                                       калық қасиеттерінің өзгеруінің заңдылықтарын ата.

                                       ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. Магний мен кальцийдің оттекпен, сумен
                                       және сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі.
                                          Магний мен кальцийдің оттекпен, сумен және сұйылтылған қышқыл-
                                       дармен әрекеттесуін зертте.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                          Реакциялардың жүру жағдайларына назар аудар. Магний мен кальций-
                                       дің химиялық қасиеттерінің айырмашылығы мен ұқсас белгілерін анықта.
                                          Химиялық қасиеттері. Магний мен сілтілік-жер металдар
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       бейметалдармен: оттекпен, күкіртпен, галогендермен, азотпен
                                       бинарлы қосылыстар түзіп әрекеттеседі. Қосылыстардағы ме-
                                       талдың тотығу дәрежесі (+2)-ге тең.
                                           Магний ауада өте жарық жалынмен жанады (2-сурет):

                                                              2Mg +O =2MgO
                                                                   (қ.)  2(г.)     (қ.)
           ▲  Бенгал шамдарының            Кальций магнийге қарағанда белсендірек, оны сілтілік ме-
              құрамында магний         талдар сияқты керосин астында сақтайды.
              ұнтағы болады
                                           Кальций ауада өте жоғары температурада жанады, ауадағы
                                       оттек концентрациясының артуы жану реакциясының жыл-
                                       дамдығын артырады:
                      + Hal
                          2 (галогенидтер)                     2Ca +O =2CaO
                                                                   (қ.)  2(г.)    (қ.)
                       + S                 Барий соққының әсерінен өздігінен тұтана алады.
                          (сульфидтер)
            Ca
                                       3-ТАПСЫРМА. Сызбамен танысып, тапсырманы орында:
                       + N
                          2 (нитридтер)    1)  сызбаға сай реакция теңдеулерін жаз;
                                           2)  элементтердің тотығу дәрежесін көрсет;
                       + H
                          2 (гидридтер)    3)  теңдеулердің  коэффициенттерін  электрондық  баланс  әдісімен
                                              қойып шық.
                                           Магнийдің бетіндегі оксидті қабықша оның суда еруіне ке-
                                       дергі болады: реакция қыздырған кезде жүреді:
                                                           Mg +H O =MgO +H
                                                               (қ.)  2  (с.)   (қ.)  2(г.)
                                           Кальцийдің басқа сілтілік-жер металдармен әрекеттесуінен
                                       сілтілер түзіледі:
                                                        Ca +2H O =Ca(OH)             +H
                                                           (қ.)  2  (с.)       2(сулы)  2(г.)
                                           Сілтілік-жер металдар реакциясының белсенділігі сілтілік
                                       металдарға қарағанда төмен болады. Ca – Sr – Ba қатарында
                                       металдардың реакциялық қабілеттері артады.
                                           Магний мен сілтілік-жер металдар қышқылдармен әре-
                                       кеттеседі. Металдардың беткі қабатында суда ерімейтін тұз-
                                       дар қабықшасы түзілген жағдайда әрекеттеспеуі мүмкін. Бұл
                                       металдар ортофосфор қышқылымен әрекеттеспейді, магний,
                                       кальций және стронций – балқытқыш қышқылмен, стронций
                                       мен барий – күкірт қышқылымен әрекеттеседі.


           122
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127