Page 126 -
P. 126

Қорытынды


           1.  Кестеде үш металдың: X, Y және Z сумен, тұз қышқылы және натрий гидроксиді ерітінділерімен әре-
               кеттесу нәтижелері берілген.

               Металл Су                             Тұз қышқылының ерітіндісі  Натрий гидроксидінің ерітіндісі
                  Х    Оксид түзіледі                Сутек бөлінеді           Әрекеттеспейді
                                балқытуБАЛЫҚ НҰСҚА
                  Y    Гидроксид (сілті) түзіледі    Сутек бөлінеді           Әрекеттеспейді
                  Z    Гидроксид түзіледі            Сутек бөлінеді           Сутек бөлінеді

               Бұл қандай металдар?
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                       X            Y            Z
               A       Na           Al          Mg
               B       Al          Mg            Na
               C      Mg            Na           Al
               D       Na          Mg            Al
           2.  Металдар мен олардың қосылыстарын қолдану заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне
               негізделген. Қандай жағдайда «қасиеті – қолданылуы» деген сәйкестік дұрыс көрсетілмеген? Дұрыс
               сәйкестікті ұсын.

                  Металдардың қасиеттері                  Қолданылуы
               А Алюминийдің жоғары электрөткізгіштігі    Электротехникада (сым жасайды)
                  Барий оттекпен және азотпен белсенді
               Ә                                          Электр құралдарында вакуум  жасау
                  әрекеттеседі
                                                          Дәрілік препараттар мен тамақ өнімдерін орайтын
                Б Алюминий – жеңіл металл
                                                          материал
                  Натрий ауадағы оттекпен оңай
                В                                         Металл құймаларынан газ көпіршіктерін алу
                  әрекеттеседі
           3.  Неліктен рубидий мен цезийді дәнекерленген шыны ампулада вакуумда сақтайтынын түсіндір. Металы
               бар ампула сынып қалса не болады? Ықтимал жағдайды сипатта. Ауада су буы болуы мүмкін екенін
               ескеріп, ықтимал реакция теңдеуін жаз.
                          300 °CО
           4.  Электрондық баланс әдісімен мынадай реакция теңдеулеріне коэффициенттер қой. Тотықтырғыш
               пен тотықсыздандырғышты көрсет.
                      Ж
               a) Al+KOH+H O             KAl +H 2
                                            2
                           2
                        t
               ә)  Na O 2 →   Na O+O
                    2       2    2
               б) Li N+H        LiH + NH
                   3   2                3
               в) CsCl+Ca  670 °C,вакуум   Cs+CaCl 2
               г)  Na+H SO 4(конц.) →Na SO +H S+H O
                       2
                                  2
                                         2
                                      4
                                             2
           5.  Алюминийді алудың заманауи әдісі алюминий оксиді балқымасының электролизіне негізделген. Бұл
               үдерісті мынадай теңдеумен сипаттауға болады:
               2Al O  электролиз  4Al+3O .
                  2  3                 2
               Алюминийді алудың бастапқы шикізатына алюминий оксидінің массалық үлесі 30–80% болатын
               бокситтер жатады. Алынған алюминийді металдар мен кремний қоспасынан тазарту үшін әрі қарай
               өңдейді (рафинадтайды – тазартады). Алюминий оксидінің массалық үлесі 42.5% (Ar: Al = 27; O = 16)
               болатын 1.2 т бокситтен алынатын алюминийдің массасын анықта.
           126
           126
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131