Page 14 -
P. 14
Неліктен азот 1.4 Қышқылдардың химиялық
қышқылы күн
жарығында қоңырлау қасиеттері және қолданылуы
реңге ие болады?
ТІРЕК СӨЗДЕР: 1-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқып, қышқылдардың қасиеттерін ата.
А. Азот қышқылының ерітіндісін ұсақталған ақ зат бар сынауыққа
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
■ қышқыл
құйған кезде түссіз газ көпіршіктерінің бөлінгені байқалады.
■ тұз Ә. Сұр түсті «түйіршікті» тұз қышқылының ерітіндісі бар Петри табақ-
шасына салады. «Түйіршік» ерітінді бетінде «жүгіріп», уақыт өте
келе мөлшері кішірейеді. «Түйіршік» бетінде тұтанатын ақ түсті
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
концентрлі түтін көтеріледі.
Б. Мөлдір ерітіндіге фенолфталеин индикаторын қосқан кезде ерітін-
ді түсі күрең қызыл түске өзгереді. Бұл ерітіндіге күкірт қышқылы-
ның ерітіндісін қосқан кезде түссізденеді.
В. Қышқыл ерітіндісі бар сынауыққа 1–2 тамшы қызғылт сары тамшы
тамызады. Ерітінді түсінің қызыл түске өзгеретіні байқалады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. Қышқылдардың химиялық қасиеттері.
Ұсынылған құрал-жабдықтар мен химиялық реактивтер жинағын пай-
даланып, қышқылдардың химиялық қасиеттерін зертте.
А. Ұсынылған құрал-жабдықтар мен химиялық реактивтерді пайда-
ланып, зерттеуге болатын қышқылдардың тізімін құрастыр.
Ә. Тұз қышқылы ерітіндісінің рН мәні мен индикатор түсінің өзгеруін
көрсететін кесте құрастыр.
Б. Әр эксперименттегі бақылауды жазып отыр.
В. Химиялық реакция теңдеулерін құрастыр.
Г. Қорытынды жаса.
Құрал-жабдықтар: сынауықтары бар тұрғы, рН датчигіне арналған
фенолфталеин диаметрі 25–32 мм сынауық, SPARK оқыту жүйесі, рН-метр, термобу, там-
шуырлар, жандырғы/спиртшам, сынауықұстағыш, металл тұрғы, асбест тор,
буландыруға арналған табақша, тигель қысқыштар, қалақтар.
Реактивтер: метилоранж және лакмус индикаторларының ерітіндісі, тұз
және азот қышқылдарының ерітінділері, тығыны бар сынауықтағы қатты
газдалған минералды су ерітіндісі, «H SiO » бар сынауық, металдар: магний,
2 3
қышқыл темір, мыс; литий, мырыш, мыс гидроксидтерінің ерітінділері; металдардың
оксидтері: мырыш, кальций және мыс; натрий карбонаты тұзының ерітіндісі;
қатты кальций карбонаты мен натрий гидрокарбонаты.
«Қышқылдардың ыдырауы» деген экспериментке нұсқау
1. «H SiO » бар сынауықты жандырғы жалынында қыздыр.
2 3
2. Сыауықтағы қатты газдалған минералды судан буландыруға ар-
налған табақшаға шамамен 5 мл құйып ал. Лакмус индикаторынан
2 тамшы қос. Табақшаны металл тұрғыға бекітілген асбест торға
қой. Ерітіндісі бар табақшаны қыздыр.
3. Экспериментті тартпа шкафта орындау керек!!! 2 мл азот
қышқылын сынауыққа құйып, жандырғы жалынында қыздыр.
2-ТАПСЫРМА. Топта мынадай сұрақтарды талқылаңдар.
1. Күшті және әлсіз қышқылдар арасындағы айырмашылықтар тура-
лы сұрақ.
▲ 1-сурет. Қышқылдардың А. Х және У қышқыл ерітінділерімен реакцияларда қандай айыр-
қасиеттері машылық бар?
14

