Page 141 -
P. 141
реакцияны басқа жолмен жүруге бағыттау арқылы реакция Субстрат Өнім
жылдамдығын тездетеді.
Катализаторсыз жүргізілген реакциямен салыстырғанда ка-
тализатор қатысында жүргізілген реакция төменгі белсендіру
энергиясымен сипатталады және катализатор қатысындағы реак-
ция (2-сурет) түзілген аралық өнімдер мөлшерінің көп болуына 1. Катализатор қатысынсыз
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
қарамастан жоғары жылдамдықпен жүреді. Катализатор реакция энергетикалық профиль
жылдамдығын тездететіндіктен, әсіресе, өндіріс химиясы үшін
маңызы зор. Катализатор қатысында жүретін реакциялар электр Субстрат Өнім
энергиясының шығынын азайтады. Сонымен қатар химиялық
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
реакцияның едәуір төмен температурада жүруіне мүмкіндік
береді.
Кейде химиялық реакция жылдамдығын төмендету керек.
Мысалы, қоршаған ортаға, адам өміріне зиянды кейбір үдеріс- 2. Катализатор қатысындағы
энергетикалық профиль
тер бар: металдарды тот басу, азық-түлік өнімдерінің бұзылуы
және т.б. Қандай да бір химиялық реакция жүруін баяулата- ▲ 2-сурет. Белсендіру
тын немесе тоқтататын заттарды «ингибиторлар» (латынша энергиясына
«inhibeo» – «тоқтату», «тежеу») деп атайды. катализатор әсері
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Берілген тұжырымның дұрыс\қате екенін анықта (тұсына «+» бел-
гісін қой).
Тұжырымдар Дұрыс Қате
Катализаторсыз жүретін реакцияның белсендіру
энергиясы катализатор қатысында жүретін
реакцияның белсендіру энергиясынан әрқашан
төмен (Eа > Eа ).
(катализатормен) (катализаторсыз)
Ингибиторлар – химиялық реакция жылдамдығын
тездететін, бірақ реакция соңында өзгеріссіз
қалатын химиялық заттар.
Катализаторлар реакцияның белсендіру
энергиясын азайтады.
Сутек пероксидінің марганец (IV) оксиді СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
қатысында су мен оттекке ыдырауы гетерогенді
катализбен жүретін реакцияға жатады. Ферменттер – биология-
Ингибиторлар реакцияның белсендіру энергиясын лық катализаторлар. Олар
арттырады. адам ағзасында жүретін
барлық биологиялық үде-
2. Экзотермиялық реакция барысындағы белсендіру энергиясына рістерде маңызды рөл ат-
ингибитор әсерін график түрінде сызып көрсет. қарады. Ағзадағы реакция
жылдамдығын бірнеше
3. «Ингибиторлардың қолданылуы» тақырыбына ингибиторлардың миллиард есе арттырады.
тұрмыстағы, тамақ өнеркәсібіндегі, мәшине өндірісіндегі маңызы Мысалы, дене температу-
бойынша постер құрастыр. расында 1 молекула ката-
4. Реакция аяқталғаннан кейін катализатор регенерациясын қалай лаза 600000 молекула сутек
дәлелдеуге болады? пероксидін су мен оттекке
ыдыратады.
141

