Page 150 -
P. 150
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Берілген тұжырымның дұрыс\қате екенін анықта (тұсына «+» бел-
гісін қой).
Тұжырымдар Дұрыс Қате
Егер реагент бөлшектер мөлшері үлкен болса,
реакция баяу жүреді.
Зат концентрациясының жоғары болуы реакция ҚА
Температураны арттырғаннан кейін бөлшектердің
соқтығысуы азаяды.
Жоғары температура реакция жылдамдығын
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
арттырады.
ЖОБАЛЫҚ НҰС
Катализатор реакция жылдамдығын арттыру үшін
қажет.
жылдамдығын баяулатады.
Реагенттің табиғаты – реакция жылдамдығына әсер
етуші факторлардың бірі.
2. Мырыш пен күкірт қышқылы арасындағы реакция жылдамдығын
қалай арттыруға болады:
a) ерітінді температурасын төмендету;
ә) индикатор қосу;
б) металды ұсақтау;
в) қысымды арттыру.
3. Ерітіндідегі химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етпейтін
фактор:
a) ерітінділер концентрациясы;
ә) катализатор қолдану;
б) ингибитор қолдану;
в) реакция жүретін ыдыс көлемі.
4. Оқушы тәжірибе жүргізді. Ол әртүрлі қышқылдың түрлі концент-
рациясымен бірдей көлемдегі кальций карбонаты кесегін әрекет-
тестіріп, бірнеше тәжірибе жүргізді.
Әктас Қышқыл ерітіндісі, Уақыт/
Тәжірибе Температура\°С
кесегі/г көлемі/ 0,5 см 3 мин
1 25 0.2 1.0 М тұз қышқылы 3
2 25 0.2 0.5 М тұз қышқылы 7
3 25 0.2 1.0 М сірке қышқылы 10
4 15 0.2 1.0 М тұз қышқылы 8
A. Тәжірибеде алынған әктас кесегінің неліктен массасы мен өл-
шемінің бірдей болуы маңызды екенін түсіндір.
Ә. Неліктен бірінші тәжірибе екінші тәжірибеге қарағанда аз уақыт
ішінде аяқталды?
Б. Бірінші тәжірибе мен үшінші тәжірибеде қышқыл концентрация-
лары бірдей болғанымен, үшінші тәжірибенің бірінші тәжірибеге
қарағанда баяу жүру себебін түсіндір.
150

