Page 152 -
P. 152

Қорытынды


           1.  Химиялық реакция кезінде катализаторды қолдану туралы ақпарат берілген.
               1.  Катализатор реакция шығымын арттырады.
               2.  Катализатор реакция жылдамдығын арттырады.
               3.  Катализатор реакцияның белсендіру энергиясын арттырады.
               Қай тұжырым(дар) дұрыс:
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
               a)  тек 3;
               ә)  2 және 3;
               б)  тек 2;
               в)  1, 2 және 3.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           2.  Оқушы үш сынауыққа белгілі көлемде қышқыл ерітіндісін құйып, үстіне массалары бірдей мырыш,
               магний және темір үгінділерін салды.

               Тәжірибе Температура\°С  Металл кесегі/ г   Қышқыл ерітіндісі, көлемі/ 3 см 3
               1        25              0.5 Zn             0.5 М тұз қышқылы
               2        25              0.5 Mg             0.5 М тұз қышқылы
               3        25              0.5 Fe             0.5 М тұз қышқылы

               A.  Қай сынауықта химиялық реакция тез өтеді?
               Ә. Бұл тәжірибеде реакция жылдамдығы қандай факторға тәуелді?
           3.  Кез келген химиялық реакцияның орташа жылдамдығы қалай анықталады?
           4.  Берілген  сұрақтарға жауап бер.
               А.  Гомогенді және гетерогенді реакция деген не? Мысал келтір.
               Ә. Гомогенді реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
               Б.  Гетерогенді реакцияның жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

           5.  H + I  = 2HI  реакциясындағы сутектің бастапқы концентрациясы 2 моль/л-ге тең болса, 8 секундтан
                2(г)   2(г)  (г)
               кейін бұл заттың концентрациясы 1.2 моль/л болды. Химиялық реакцияның орташа жылдамдығын
               анықта.
           6.  Берілген реакция үшін әрекеттесуші массалар заңын өрнекте:
               2NO  + Cl  → 2NOCl
                   (г)  2(г)      (г)
           7.  2NO + O  ↔ 2NO  азот (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе арттырғанда, химиялық реакцияның
                       2       2
               жылдамдығы неше есе артады?
           8.  2H S + 3O  = 2SO  + 2H O реакциясындағы газдардың концентрациясын 3 есе көбейткенде реакция
                 2      2      2    2
               жылдамдығы неше есе артады?
           9.  Температуралық коэффициент 3-ке тең болғанда, реакция температурасын 25°С -тан 45°С-қа көтер-
               генде химиялық реакция жылдамдығы неше есе артты?
           10. Химиялық реакцияның жылдамдығын білу не үшін қажет? Өз ойыңды тұжырымда.













           152
           152
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157