Page 186 -
P. 186

12.5  Қазақстандағы атом өнеркәсібі




            Қазақстанда атом           1-ТАПСЫРМА. Берілген сұрақтарға жауап бер.
            өнеркәсібін дамытуға       1. «Наутилус» кемесі 1954 жылы АҚШ-та салынды. Ол дүниежүзіндегі ең
            болады ма?                 қауіпті кеме болды. Неге?
                                       2. Чернобыль апаты неге соншалықты қауіпті?
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       3. Ядролық реакторы бар автомобиль жасау мүмкін бе?
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       4. Заманауи атом энергетикасының негізгі үш проблемасын ата.
           ■  атом өнеркәсібі
                                           Энергетика – бүгінгі күні әлемдік прогрестің ең маңызды
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           ■  атом электр станциясы    қозғаушы күштерінің бірі. Ядролық энергетика XXI ғасырдағы
           ■  ядролық апат             адамзаттың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына және
                                       энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін үлкен
                                       үлес қосуда. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда
                                       ядролық энергетиканы қолданбай жақын болашақтағы, сон-
                                       дай-ақ кейінгі болашақтағы энергетикалық проблемаларды
                                       шешу мүмкін емес.
                                           Қазақстанда жер қойнауында табиғи уранның барланған
                                       әлемдік қорының 12%-ы жатыр. Уран өндіру – еліміздегі атом
                                       өнеркәсібінің бірден-бір дамыған бағыты. Бүгінде Қазақстан
                                       уран өндіру бойынша бірінші орында, жер қойнауындағы
                                       қоры бойынша екінші орында. Соның ішінде шамамен уран
                                       қорының 65%-ы экологиялық қауіпсіз алуға және экономи-
                                       калық мақсатта жер астынан шаймалап алуға жарамды бо-
                                       лып келеді. Аз уақыттың ішінде Қазақстан атом энергетикасы
                                       саласын айтарлықтай жоғары даму дәрежесіне көтере алды.
                                       Қазақстанның уран өндіретін және өңдейтін өнеркәсібі, ядро-
                                       лық энергетика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер
                                       жүргізу инфрақұрылымы дамыған. Республикамызда ядролық
                                       физика саласында зерттеу жүргізуге арналған ғылыми базада
                                       білікті қызметкерлер жұмыс жасайды.
                                                  Қазақстан аумағында уранның шамамен 129 кен орны
                                                     мен кентәрізді орны анықталған. Уранның кен орын-
                                                          дары 6 уран провинциясында шоғырланған, бұ-
                                                              лар – Балқаш, Каспий, Іле, Солтүстік Қазақ-
                                                              стан, Сырдария және Шу-Сарысу.
                                                                  Сонымен қатар ядролық және радиа-
                                                             циялық қауіпсіздігінің ұлттық жүйесі – Ха-
                                                        лықаралық атом энергетикасының агенттігіне
                                                             (МАГАТЭ) кіреді.

                                                              2-ТАПСЫРМА. Атом энергетикасының тарихи
                                                             дамуын бейнелейтін тұжырымдамалық қартаны
                                                            құрастыр. Картаңды сыныптасыңмен талқыла. Қажет
                                                          болса, түзетулер енгіз.

           186
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191