Page 60 -
P. 60
т. б. пішінді болады. Кристалдардың пішініне қарай кристалдық
торлар да әртүрлі болады. Кристалдық заттарға мұз, кварц, ас
тұзы, темір жатады.
2-ТАПСЫРМА. Натрий хлоридінің, алмаздың, көмірқышқыл газының, темір-
дің кристалдық торларының модельдерін зерделеп, сұрақтарға жауап бер.
• Берілген заттардың кристалдық торларының түрлері қандай?
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
• Иондық, молекулалық, атомдық, металдық кристалдық торлы зат-
тардың физикалық қасиеттерінде қандай айырмашылық бар? Мы-
Na + салдар келтір.
• Кристалдық тор типтері бойынша физикалық қасиеттерін анық-
Cl - тауға бола ма? Қорытынды жаса.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Иондардан тұратын кристалдық торларды иондық кристалл
▲ 2-сурет. Натрий тор деп атайды. Оларды иондық байланыспен байланысқан
хлориді кристалдық заттар түзеді. Кристалдық тордың түйіндерінде оң және теріс
торының құрылымы
зарядталған иондар болады. Мысалы, натрий хлориді кристал-
дары куб пішіндес оң зарядталған натрий иондары мен теріс
зарядталған хлор иондарынан тұрады. Тұз кристалдары Na
+
-
және CI иондарының бірдей мөлшерінен тұратын макромо-
лекуладан құралады. Na CI n – үлкен сан. Кристалда иондар
n n
арасындағы байланыс өте берік. Иондық кристалдық торлы
заттар қатты, қиын балқиды, ұшқыш емес, көбісі суда жақсы
ериді. Кристалдық торлардың түйіндерінде иондар еркін қоз-
ғала алмайды, тек аздап тербелуі мүмкін. Жоғары температу-
рада тербеліс қатты болғандықтан кристалдық торда иондар
ұсталып тұра алмайды, кристалдық тор бұзылады, зат балқып
сұйықтыққа айналады.
Кристалдық тордың түйіндерінде жеке атомдар болса, крис-
талдық тор атомдық деп аталады. Кристалдық тордағы атомдар
бір-бірімен коваленттік байланыспен байланысқан. Атомдық
кристалдық тордың құрылымына атомдардың бір-бірімен бір-
келкі, берік байланысуы тән. Байланыстың мәні бірдей, жеке
молекулалар болмайды, макромолекула түзіледі. Атомдық крис-
-С талл торлы заттар қатты, балқу температурасы жоғары, электр
тогын нашар өткізеді, химиялық енжар. Атомдық кристалдық
торлы заттарды түзетін элементтерге көміртек, кремний, бор,
германий жатады.
▲ 3-сурет. Алмаз
кристалдарында
көміртек атомының
орналасуы
60

