Page 65 -
P. 65

Бірақ қазіргі кезде еріген заттың әртүрлі үлестерін (массалық,            Концентрация
           көлемдік) концентрацияны өрнектейтін әдістерге жатқызады.                 (concentration)  –  бұл
                                                                                     ерітіндідегі еріген заттың
           3-ТАПСЫРМА. 250.0 г ерітіндіде массалық үлесі 0.5% калий пермангана-      сандық құрамын сипат-
           тының ерітіндісін дайындау үшін қажетті калий перманганатының KMnO        тайтын шама.
                                                                              4
           массасын есепте.
                                                                                     Қаныққан ерітінді
               Еру үдерісі кезінде еріткіштің бөлшектері еритін заттың               (saturated solution) – бұл
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           бөлшектері арасындағы байланыстарды бұзады және оларды                    зат онда одан әрі ери ал-
           қоршайды. Бұл үдеріс жүйе энергиясының өзгеруі арқылы                     майтын ерітінді.
           жүреді: температура көтеріледі немесе төмендейді.
                                                                                     Қанықпаған ерітінді
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                                                                     (unsaturated solution) –
                                                                                     бұл зат онда әлі де ери
             СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
                                                                                     алатын ерітінді.
             1.  Заттың құрылысындағы байланыстарды бұзу үшін энергия жұмсау
                 қажет. Жаңа байланыстар түзілген кезде энергия бөлінеді. Суда:      Аса қаныққан ерітінді
                 а) натрий хлориді; ә) күкірт қышқылы еріген кезде, егер бір жағдай-   (supersaturated solution)
                 да температура төмендейтін, ал екінші жағдайда жоғарылайтын         – бұл берілген жағдайда
                 болса, температура өзгерісін түсіндір.                              ери  алатын еріген зат-
                                                                                     тың мөлшері көп бола-
             2.  Дұрыс тұжырымдамаларды анықта.
                                                                                     тын ерітінді.
                 Тұжырымдама                               Дұрыс   Дұрыс емес
                 Массалық үлес – бұл еріген заттың
                 массасының ерітінді массасына қатынасы.
                 Қаныққан ерітіндіде еріген заттың
                 концентрациясы қанықпаған ерітіндідегіге
                 қарағанда төмен болады.
                 Қанықпаған ерітінді зат одан әрі ери
                 алмайтын кезде түзіледі.
                 Теңіз суы – бұл тұздардың судағы ерітіндісі.
                 Болатты көміртектің  темірдегі ерітіндісі деп
                 айтуға болады.
                                                               3
             3.  Массалық үлесі 10.0% натрий гидроксидінің 500 см  ерітіндісін дай-
                 ындау үшін қажетті натрий гидроксидінің массасын есепте (ерітін-
                                         3
                 дінің тығыздығы – 1.1 г/см ).
             4.  Массалық үлесі 10% калий гидроксидінің ерітіндісін 15 г КОН калий
                 гидроксидінен дайындағанда түзілетін ерітіндінің көлемі қандай
                 болады (тығыздығы – 1,08 г/см )?
                                             3
             5.  Массалық үлесі 5% күкірт қышқылының ерітіндісін алу үшін күкірт
                 қышқылының массалық үлесі 20% ерітіндісін қолданған. Бастапқы
                 100 г ерітіндіге қосуға қажетті судың көлемін есепте.
             6.  Массалары 70 г су мен 3.06 г барий оксидін араластыру кезінде
                 алынған ерітіндінің массалық үлесін анықта. Барий гидроксиді суда
                 толығымен ериді.







                                                                                                         65
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70