Page 72 -
P. 72
пайда болады. Су молекуласындағы валенттік бұрыш (104.5˚)
байланыстың диполь моментіне бір-бірінің орнын толтыруға
мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде су молекуласында екі полюс
пайда болады: теріс (оттек атомы) және оң (сутек атомы). Мұн-
дай молекуланы диполь деп атайды. Заттың суда еру үдерісі
кезінде су өз полюстерінің көмегімен бағдар жасап, еритін
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
заттың бөлшектерін қоршайды.
4-суретті қара. Суретте натрий хлоридінің мысалында иондық
байланысы бар заттың диссоциациялану механизмі ұсынылған.
Мұндай қосылыстардың диссоциациялану механизмінде
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
бірнеше кезеңді бөліп көрсетуге болады. Ас тұзының кристал-
дық торы иондық болғандықтан тор түйіндерінде бір-біріне
+
-
қарама-қарсы зарядталған натрий Na және хлор Cl иондары
орналасады. Суда еруі кезінде заттың кристалдары су молеку-
ласымен қоршалады. Соңғылары сыртқы қабаттағы иондармен
әрекеттесіп, олардың айналасында өзінің полюстерімен бағыт-
талып орналасады. Су дипольдері мен электролит иондары-
ның әсерлесу күші күшті болғандығы соншалық, кристалдың
құрылымын бұзады. Барлық жағынан су молекулаларымен
▲ 3-сурет. Су қоршалған иондар ерітіндіге өтеді. Бағытталған су молекулала-
молекуласының
құрылысы ры иондардың жанында гидраттық қабат түзеді. Гидратталған
иондардың түзілу үдерісі гидратация деп аталады.
Полюсті коваленттік байланысы бар заттардың диссоциа-
циялануының өзіндік ерекшеліктері бар. Қышқылдардың элек-
тролиттік диссоциация үдерісін қарастырайық. Қышқылдар
молекуласында полюсті коваленттік байланыс бар, демек олар
иондардан емес молекулалардан тұрады. Олай болса, «Онда
қышқыл қалай диссоциацияланады, қышқылдардан бос за-
рядталған бөлшектер қалай түзіледі?» деген сұрақ туындайды.
Қышқылдардың ерітінділеріндегі иондар олардың еруі кезінде
түзіледі екен.
Мысалы, хлорсутектің судағы электролиттік диссоциациялану
үдерісін талдайық. Хлор мен сутектің арасындағы электртеріс-
тіліктің әртүрлілігі хлорда жартылай теріс, ал сутекте жартылай
оң зарядтың пайда болуына әкеледі. Су молекулалары өз по-
люстерімен бағыттала отырып, хлорсутек молекулаларының
айналасын қоршайды да байланыстың полюстілігіне H-Cl әсер
етеді. Су молекуласының әсерінен байланыстың полюстілігі кү-
шейіп, иондыққа өтеді. Сутек пен хлордың арасындағы байла-
+
-
ныс үзіліп, ерітіндіде гидратталған H және Cl иондары түзіледі.
▲ 4-сурет. Иондық 2-ТАПСЫРМА. Берілген сипаттама бойынша коваленттік полюсті бай-
қосылыстардың ланысы бар заттардың диссоциациялану механизмінің суретін бейнеле:
диссоциациялану газтәрізді хлорсутек суда жақсы ериді де тұз (хлорсутек) қышқылын түзеді.
механизмі
72

