Page 113 -
P. 113
3. Бір металл шарды көтеру үшін екі түрлі блок жүйесі қолданылады.
(6.10-сурет). Блоктардың салмағы металл шардың салмағынан аз.
Арқан ұшынан түсіретін күштер бірдей ме? Жауабыңды дәлелде.
4. 6.11-суретте көрсетілгендей, тұрақты жылдамдықпен кемені екі
қайық көмегімен тартып барады. Кеме қозғалтқышы ешқандай
күш өндірмейді. Тартатын әр арқанның керілу күштері өзара 2 кН
тең. Кемеге әсер ететін күштерді сызып көрсет. Кемеге әсер ететін
кедергі күшті табу үшін теңәрекетті күшті анықта.
5. Дененің тұтас салмағын табанның ұзындығы, ілінген жүк салмағын
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
білектің ұзындығы орнықты етіп ұстап тұратынын түсіндір. Неге екі
қолмен жерге аяқпен тұрғандай ұзақ тұра алмаймыз?
6.9-сурет. Жаттығу
6. Бөтелке қақпағын бұрап ашу үшін жұмсалатын күш бағыттарын, залында
айналу моментінің бағытын сызып көрсет.
7. Ұзындығы L білеу ұштарынан 180 Н және 20 Н күш әсер етеді. Бал-
ка тепе-теңдікте ме? Тепе-теңдікте болуы үшін тіреуді қай жерге
қойған дұрыс?
8. Қабырғада ілулі тұрған картинаға әсер ететін күштерді сызып көр-
сет. Егер картина массасы 400 г болса, үзіліп кетпейтіндей керілуі
күші ең минималь қандай жіп алу керек? Картинаны ілудің бірнеше
жолдарын қарастыр.
9. Рычагтың кіші иінінің ұшынан жоғары қарай 200 Н, ал үлкен иінінің
ортасынан төмен қарай 20 Н, ұшынан жоғары қарай 80 Н күш әсер
етеді. ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
6.10-сурет.
а) Иінтірек тепе-теңдікте ме? Блоктар жүйесі
ә) Тепе-теңдікте болу үшін қандай күш рычагтың қай нүктесіне
түсірілуі керек?
б) Суретін сыз.
10. Құрылыс алаңында кран 7 қабатты үй тұрғызуға арнап қойылған.
Кранның ұзын иінінің ортасына жүк көтергіш ілмек бекітілген.
Осындай жағдайда кранмен массасы ең үлкен 8 блок көтеруге
болады. Әр блоктың массасы бірдей деп ақпарат берілді. Ақпарат 6.11-сурет. Кеме мен
дұрыс берілді ме? қайықтар қозғалысы
11. Алдыңғы есептің шартын толықтырып, алдымен кран құлап кетпес
үшін кіші иінге қандай жүк қойып алу керектігін анықта. Ең үлкен
қандай жүкті көтере алатынын есепте.
113

