Page 108 -
P. 108

Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


              1.  Дененің ұшу алыстығы көтерілу биіктігіне тең болу үшін денені көкжиекке қандай бұрыш жасап
                 лақтыру керек? (ауа кедергісін ескермеген жағдайда)
              2.  Планетаның экватордағы салмағы полюстегі салмағының  2  үлесіне тең. Планетаның басым бөлігі
                 ρ тығыздықты заттан тұрады. Планетаның өз осінен айналу периодын тығыздығы арқылы өрнекте.
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
              3.  Жерсерік орбитамен қозғалып, Жермен салыстырғанда тыныштық күйде қалады. Жерсерік қандай
                 биіктікке көтерілген?
              4.  Жер бетінен Жердің екі радиусындай биіктіктегі денеге гравитация салдарынан әсер ететін еркін түсу
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                 үдеуі қандай?
              5.  Геостационарлы орбитамен қозғалған жерсеріктің сызықтық жылдамдығы қандай?

              6.  Ғарыш кемелерін қандай (экваторлық, полярлық, көлбеу) орбитамен ұшырған тиімді? Неге?
              7.  Жердің қандай айналу периодында денелер салмақсыз күй кешер еді?
              8.  Жерсерікті неге батыстан шығысқа қарай ұшырады?
              9.  Шымкент пен Мәскеу қаласында Жер бетінде бірдей биіктіктегі бір ғана дененің еркін түсу үдеулерін
                 салыстыр.
              10. Жер бетіндегі денеге әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс күші 72 Н. Жер бетінен R қашықтықта осы
                 денеге әсер ететін тартылыс күшін бағала.
              11. Массалары бірдей екі жұлдыздың ортасында ғарыш кемесі тұр деп есептейік. Егер басқа объектілер
                 шексіз алыста болса, онда массасы 70 кг болатын ғарышкердің салмағы неге тең болады? Жауабыңды
                 түсіндір.

               Қорытынды

               •  Еркін түсу үдеуінің ең үлкен мәні Жер бетінде болады, яғни Жер центрінен R қашықтықта.
               •  Еркін түсу үдеуі Жердің ішінде (шахта тереңдігіне қарай) сызықтық азайып, Жердің ортасында нөл-
               ге тең.
               •  Екі массалы дене бір-бірімен бір түзудің бойымен бағытталған күшпен өзара әсерлеседі. Өзара
               әсерлесу күші денелердің массаларына тура, арақашықтықтың квадратына кері пропорционал. Бұл
                                                                                               ⋅
                                                                                            mm
               бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасы, математикалық жазбасы:  F =    G  1 R 2  2  ;  мұндағы:
                              ⋅
               G = 66710,  ⋅  −11 HM 2  ;  — гравитация тұрақтысы.
                             ar кг  2
               •  Денені Жер орбитасына шығару үшін керек ең аз жылдамдық – бірінші ғарыштық жылдамдық.
                           GM       rm
                                    км
               υ = gR   =      =  79 ,  ;
                1
                            R       c
               •  Егер  дене  бірінші  ғарыштық  жылдамдықпен  қозғалса,  Жерді  айнала,  траекториясы  шеңбер  бо-
               йымен қозғалады;
               •  Жердің  тартылыс  өрісінен  шығару  үшін  денеге  екінші  ғарыштық  жылдамдық  берсе  жеткілікті.
                            2GM        rm
                                       км
               υ =   2gR  =      =  11 2 ,  ;
                2
                             R         c
               •  Күннің гравитациялық өрісінен құтылу үшін үшінші ғарыштық жылдамдық керек: υ =16,8   км  .
                                                                                              3
                                                                                                      с

              108
              108
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113