Page 118 -
P. 118
Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дененің массалар центрін анықтаудың қандай қажеттілігі бар? Ол не үшін керек?
2. Архимед «Маған тіреу нүктесін берсеңіз, Жерді өз орнынан қозғалтамын» деп айтқанда нені меңзеді?
3. Денелер тепе-теңдігінің шартын пайдаланып, 6.18-суретті түсіндір.
болуы үшін тіреуді қай жерге қойған дұрыс?ЫҚ НҰСҚА
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
6.18-сурет
4. Жағаға келген қайықты тұраққа байлау үшін өзара перпендикуляр екі арқанмен,
120 Н-нан күш жұмсап тартады. Су тарапынан қайыққа әсер етуші кедергі күшін анықта.
5. Терезені күрделі ашылу қалпында қалдыр деген нұсқауды естіген адам, тұтқаны қалай бұрап қалдыр-
ғаны дұрыс?
6. Есікте кілт сіресіп тұрып қалды делік. Есікті ашу үшін кілтті сағат тілінің бағытымен бұрау керек пе,
әлде сағат тілінің бағытына қарсы бұрауы керек пе?
ЖОБАЛ
7. Ғимаратқа кіре берісте күзет таяқшасы тұрады. Күзет таяқшасы шарнирмен шар тәрізді топсамен
бекітілген. Ашып кіру үшін қандай әрекет жасайсың? Сызбасын сызып көрсет.
8. Ұзындығы L білеу ұштарынан 180 Н және 20 Н күш әсер етеді. Білеу тепе-теңдікте тұр ма? Тепе-теңдікте
Қорытынды
Көп жағдайда статиканы динамиканың жеке жағдайлары деп қарастырады. Ньютон заңдары тұрғы-
сынан кез келген дене тепе-теңдік қалыпта болатын жағдайды анықтайық:
• егер дене тыныштықта болса, онда үдеуі нөлге тең;
• дене тепе-теңдікте болуы үшін сол денеге әсер еткен барлық күштердің геометриялық қосын-
дысы нөлге тең. Абсолют қатты дене үшін бұл тепе-теңдіктің бірінші шарты болып табылады.
• Іс жүзінде жиі кездесетін жағдай дене кез келген бағытта еркін қозғала бермейді. Еркін қозға-
луына басқа дене шектеу жасайды. Механикада оны байланыс деп атайды. Мысалы, серіппеге немесе
жіпке бекітілген жүк, бекітілген осьті айналған дене, мәшине рөліне бекітілген дөңгелек т.с.с
• Оське бекітілген денелер тепе-теңдікте болуы үшін тек күш туралы ғана айту жеткіліксіз, сон-
дай-ақ бекітілген осьтен күш түсірген нүктеге дейінгі қашықтық та есепке алынады.
• Оське бекітілген дене тепе-теңдігі үшін күш моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең
болуы керек. Бұл тепе-теңдіктің екінші шарты болып табылады.
• Кез келген дене тепе-теңдігі үшін екі шарт орындалады және ол математикалық түрде келесі
өрнекпен жазылады:
F + F + F + ... + F = 0;
1 2 3 n
M + M + M + … + M = 0.
1 2 3 n
118
118

