Page 157 -
P. 157

дамиды. Ал ең алдымен дамыған эктодерма қабатынан жүйке                  ЕСІҢДЕ САҚТА!
           жүйесі, тері, пигмент жасушалары қалыптасады. Энтодерма                 Алғаш түзілген бластомер-
           немесе ішкі қабаттан асқорыту жүйесіне тән жасушалар мен                лерден ұрықжолдас дами-
           ұйқы безі, өкпе жасушалары пайда болады. Сонда толық эмбри-             ды да, одан кейін дамыған
           онның дамуына бластоцистадағы жасушалар бастама болады.                 жасушалардан  эмбрион
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           Ал әрбір ұлпа немесе мүше эктодерма, мезодерма және энто-               түзіледі.
           дерма қабаттарына жіктелген жасушалардан дамиды. Сонымен
           адам ағзасының бастамасы бөлшектенудің нәтижесінде пайда
           болған бластомер жасушаларымен қоршалған бластоциста жа-                 СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
           сушалары болып табылады. Үшқабатты жасушалар бұл кезеңде
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                                                                   Ұрықжолдастың салмағы
           құйрығы мен басы анық ажыратылатын эмбрионға айналады.                  шамамен  500  г,  диамет-
           Эмбрионда ұрықтанудан соң 8 аптада барлық ұлпалары мен                  рі  15–20  см,  қалыңдығы
           мүшелері қалыптасып үлгереді. Осы кезден бастап оны ұрық                2–3  см. Оның беттік ауда-
                                                                                           2
           деп атайды.                                                             ны 15 м  болып келетін-
                                                                                   діктен диффузияның жүру
                                                                                   жылдамдығы өте жоғары.
             ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР

             1.  Ұрықжолдас неден тұрады?
             2.  Ұрықжолдастың эмбриондық дамудағы маңызы неде?                    5-ТАЛҚЫЛАУ. Тек эмбри-
             3.  Неліктен эмбрион кіндіксіз дами алмайды?                          онға ғана тән қандай бел-
             4.  Эмбриондық дамудың ұзақтығы қандай?                               гілер болады?
             5.  Эмбриондық дамудың қандай кезеңдері болады?
             6.  Эмбрион қай кезеңде пайда болады?


           КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Жүктілік кезінде ұрықжолдастағы хорион жасуша-
           ларынан бірнешеуін алып ондағы ДНҚ-ны тексереді. Бұл тест барлық ана
           болуды күтіп жүрген аналарға ұсынылмайды. Тек отбасында генетикалық
           және хромосомалық аурулармен ауырған адамдар кездескен жағдайда
           ғана ұсынады. Мысалы, Даун синдромы. Тест жүктіліктің 11 немесе 14-ші
           аптасында жасалады. Кейде қажет болған жағдайда одан кейінгі апталарда
           да жасалады. Тест жатыр мойны арқылы немесе жатыр қабырғасы арқылы
           инемен жасалады. Шамамен 10 минут уақытта жасалып, үш күн, кейде екі
           апта ішінде жауабы дайын болатын бұл тестіні жасату немесе жасатпау
           ананың өз құқығында. Бұл тестіні жасатқан аналардың 0,5-1%-ында жүктілік
           бұзылады. Кейде ұрыққа инфекция түсіп кетуі де мүмкін. Бұл тестіні жасамас
           бұрын анамен қандай бағыттарда әңгімелесу жүргізуге болады?




















                                                                                                        157
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162