Page 159 -
P. 159
Мөлдір терісі арқылы ұрықтың барлық мүшелері, вена тамы-
рлары көрініп тұрады.
Терісінің сыртында ұсақ жұмсақ түктер жетіледі. Бұл кезде
оның мөлшері лимондай.
Ұрықтың бұлшық еттері дами бастайды. Осы кезде оған ▲ 8-аптаға дейін эмбрион
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
жарық түсірсе ол одан алшақтап кетеді, яғни бұл оның көздері
ашылмаған болса да ол жарықты сезеді деген сөз. Бұл кезде
ультрадыбыстың көмегімен баланың жынысын анықтауға бо-
лады.
Ұрықтың басын тік ұстауы біршама қалыптасады. Сыртқы
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
құлақ қалқаны жетіледі.
12 16 20 24
▲ 9-10 аптадан бастап ұрық
17-21 апта
Ұрық буындары арқылы қозғалыстар жасай бастайды. Оның
шеміршектері сүйектенеді. Кіндік жуандап мықты болады.
Қол аяғын бүгіп жазып, еркін қозғалады. Оның нейрондары
толығымен жетіледі.
Ұрықтың барлық сезім мүшелері қалыптасады. Ол дыбысты
сезе алады. 28 32 36 40
Ұрық жұтына алады оның доңғағы (меконий) шыға бастайды. ▲ Ұрықтың дамуы
Ұрық белсенді қозғалады.
22-26 апта
Ұрық толық қалыптасып, кішкентай бала кейпіне келеді.
Оның қас, еріндері анық байқалады. Тек көздерінде пигмент
дамымаған болып келеді.
Есту анализаторы жетіледі. Осы кезде естіген кейбір дыбы-
старды туа сала ажырата алатын болады.
Тез салмақ қоса бастайды. Сымбаты қалыптасады.
Әжімделген терісінің астында май жинала бастайды. Оның
шашы өсіп, түсі ажыратылады.
Ұрық амниотикалық сұйықтығын жұтып, шығарады. Бұл
оның өкпесінің жетілуіне ықпал етеді. Өкпе арқылы ауаны
жұтып, шығару қозғалыс тарының негізі қалыптасады.
27-32 апта
Бұл кезде ол ұйықтайды. Оның миы өте сергек. Ұрықтың
өкпесі толық жетіледі.
Ұрықтың кірпіктері дамыған. Көзі жарықты ажыратады, ол
кірпік қаға алады.
Басының көлемі ми мөлшерінің артуына байланысты өседі.
Бұлшық еттері мен өкпесі жетіледі.
159

