Page 188 -
P. 188

12.2  Чарльз Дарвиннің

                                                эволюциялық теориясы


            Соңғы бір жарым
            ғасырда африкалық          «Бигель» кемесімен саяхат
                                       шымшықтар дамыған.Қ НҰСҚА
            піл мен үнділік
            пілдердің аузындағы            1831 жылы Чарльз Дарвин «Бигель» кемесімен бес жыл-
            сүйегі (бивней) екі        дық саяхатқа шығады. Әлемнің көптеген аралдарына саяхат
            еседей қысқарған.          жасап жабайы табиғаттың алуан түрлілігімен танысады. Өзі
            Оның себебі неде           жинақтаған өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігіне таң
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            болуы мүмкін?
                                       қалады. Оларға зерттеулер жүргізіп, көптеген бейімделгіштіктің
                                       түрлерін анықтайды. Кеме Галапагос аралына қысқа уақытқа
           ТІРЕК СӨЗДЕР:               кідіреді. Арал Оңтүстік Американың батыс жағында 600 км
                                       қашықтықта орналасқан. Мұнда еш жерде кездеспеген құстар-
           ■  табиғи сұрыпталу
                                       ды көреді. Дарвиннің ең жақсы зерттеулері осы таушымшық
           ■  дивергенциялық           құстарымен болады. Ол құстардың өзара ұқсас екендігін, тек
             эволюция
                                       олардың тұмсықтарында ғана айырмашылық барын аңғара-
                                       ды. Бақылау нәтижесінде қоректерінің әртүрлілігін көреді. Бұл
                                       құстардың Оңтүстік Америка құрлығындағы таушымшықтарға
                                       аз да болса ұқсастықтарын байқайды. Сондықтан олардың
                    ЖОБАЛЫ
                                       арғы тектері вулкан атқылауы нәтижесінде материктен бөлін-
                                       ген аралда тіршілік еткен құстар болуы мүмкін деп болжайды.
                                       Сол құстардан ортаға бейімделу нәтижесінде 13 түрлі  тау-


                                       Дивергенциялық эволюция



                                          Тұқыммен                                        Кактус жемісімен
                                          қоректенетін                                    және гүлмен
                                          тұмсық                                          қоректенетін
                                                                                          тұмсық
           ▲ Чарльз Роберт Дарвин
             (1809-1882)


                                          Өсімдік                                         Ағаш қуысындағы
                                          бүрлерімен                                      бунақденелілермен
            Галапагос аралындағы          қоректенетін                                    қоректенетін тұмсық
               таушымшықтардың            тұмсық
                   бейімделгіштігі
                                  ▲
                                           Қоршаған ортаның әсерінен туыс ағзалар арасындағы ұқсас
                                       мүшелердің (гомологиялық) атқаратын қызметтеріне қарай
                                       бір бағытта шамалы өзгеруі дивергенциялық эволюцияны ту-
                                       дырады. Нәтижесінде бастапқы бір түрден жаңа түрлер пайда
                                       болады. Галапагос аралындағы таушымшықтардың көптеген
                                       түрі қоректерінің әртүрлі болуына қарай тұмсықтарының өз-
                                       геруі нәтижесінде бастапқы түрден ажырағандығын Дарвин

           188
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193