Page 202 -
P. 202
3. Микроскопты қолданып, ашытқы саңырауқұлақтарының
санын анықта.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
1. Суда тіршілік ететін жануарлар популяциясында туу көрсеткішіне
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
әсер ететін факторлардың тізімін жаса.
2. Тығыздыққа тәуелсіз факторлардың әсерін ағзалардың бір мыса-
лында сипатта.
▲ Балықот өсімдігі 3. 1890 жылы Австралияға алып келінген 24 інқояндар саны 10 жылда
24 млн-ға жетті. Інқояндар реликті өсімдіктерді жойды және жер-
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
гілікті түрлерді мекен ортасынан ығыстырды. Австралияда інқоян-
дар санының көбеюі басқа популяцияларға қалай әсер етті?
КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Минералды заттардың балықот өсімдігі популя-
циясының санына әсері зерттелді. Балықот өсімдігі судың бетінде қалқып
жүреді. Тоғаннан балықот өсімдігінің бірнеше данасы алынып, бір апта бойы
бөлмедегі суға А мен В ыдысында өсірілді. Аммоний нитраты тек А ыдысын-
дағы ерітіндіге қосылды. Екі ыдыстағы ерітінді құрамында өсімдіктің өсуіне
қажетті барлық минералды заттар жеткілікті. Екі ыдысқа бес балықот өсімдігі
салынды және терезенің алдына қойылды. Келесі екі аптада күн сайын екі
ыдыстағы өсімдіктер саны тіркелініп отырды. Нәтижесі кестеде көрсетілді.
Ыдыс Күн
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
А 5 5 7 14 18 25 27 30 35 42 49 53 54 58
В 5 5 6 8 10 18 22 26 27 33 38 41 41 40
(а) Ерітінділерге басқа минералды иондар не үшін қосылғанын түсіндір.
(b) Тәжірибе алында балықот өсімдіктерін жеті күн бойы бөлмеде өсіру-
дің себебін түсіндір.
(с) А және В ерітінділеріндегі популяцияларда ең жоғары, ең төмен
туылу көрсеткіштері байқалған күндерді анықта.
(d) Популяциялардың тығыздығының артуы мен туу көрсеткіштерінің
арасында қандай тәуелділік барын түсіндір.
(e) Алынған нәтиженің сенімділігін арттыру мақсатында тәжиребені
жетілдіру тәсілдерін ұсын.
202

