Page 205 -
P. 205

13.3  Тірі ағзалардың өзара қарым-

                    қатынас типтері


                                                                                    Тоған экожүйесінің
                                                                                    биоценозын
           Экожүйедегі популяциялар арасында жүретін
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                                                                    құрайтын түрлердің
           тура және жанама қарым-қатынастар                                        барлығы бір-
                                                                                    біріне әсер ете ме?
               Экожүйедегі барлық түрлердің популяциялары белгілі ай-               Жауабыңды түсіндір.
           мақта тіршілік етеді. Әр түр экожүйеде нақты бір экологиялық
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           қуыста мекендейді. Экологиялық қуыс аумағында мекен орта-
           сы мен қорегін табады және басқа түрлермен қарым-қатынасқа
           түседі. Экожүйедегі сан алуан түраралық қатынастар биоти-
           калық қарым-қатынастар деп аталады. Екі түр арасындағы
           қарым-қатынас оң (+), теріс (-) және бейтарап (0) болуы мүм-
           кін. Түрлер арасындағы негізгі биотикалық қатынас түрлері:
           бәсекелесу (-/-), жыртқыш-құрбан (+/-) және симбиоз (+/+).
                                                                                   ▲ Тоған экожүйесіндегі
           1-ТАПСЫРМА. «Тоған экожүйесіндегі түрлер популяциясы» суретін зер-        түрлер популяциясы
           деле. Түрлер арасындағы оң, теріс және бейтарап қарым-қатынастарды
           анықта.
                                                                                   ТІРЕК СӨЗДЕР:
           Түраралық бәсекелесу                                                    ■  экологиялық қуыс

               Бірдей экологиялық қуыста тіршілік ететін түрлер өз ара-            ■  биотикалық қарым-
           сында қорек, су, территория үшін бәсекеге түседі. Жыртқыш                 қатынас
           жануарлар өздерінің территориясын несеп немесе терідегі                 ■  түраралық бәсекелесу
           бездерден бөлінетін иісті заттар арқылы таңбалайды және                 ■  жыртқыштық
           қорғайды. Бәсекелесу екі түрге де теріс ықпал (-/-) етеді. Екі          ■  симбиоз
           түрдің биотикалық потенциалы мен тірі қалу қабілеті жоғары
                                                                                   ■  паразитизм
           болған жағдайда түраралық бәсекелесу шиеленіседі. Жаңа                  ■  мутуализм
           түрлер мекен орта жағдайына тез бейімделіп, жергілікті түрлер-
           мен ресурстар үшін бәсекеге түседі. Кейбір жағдайларда жаңа             ■  комменсализм
           түрлермен бірге түрлі ауру қоздырғыштары мен зиянкестер
           де экожүйеге еніп, басқа түрлер санының азаюына әсер етеді.


           Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы

               Бір түр жыртқыш, ал екінші түр оның қорегі болатын қа-
           тынас түрі. Жыртқыштар үшін пайдалы (+) болса, құрбан үшін
           зиянды (-) болып табылады. Өсімдікқоректі жануарлар да –
           жыртқыш. Жыртқыш-құрбан қатынасының мысалдары: қыран
           мен қоян, балық пен маржан полиптері, өрмекші мен шыбын
           және жылан мен тышқан. Жыртқыш пен құрбан бір-бірінің
           популяцияларының санын реттеп отырады. Антилопаларды
           арыстанның шабуылдауы, қояндарды қорек ететін сілеусіндер,

                                                                                                        205
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210