Page 207 -
P. 207
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
1. Табиғатта түрлердің санын реттеуге және түрлердің кеңістікте тара-
луына ықпал ететін биотикалық қатынастарды ата және мысалдар
келтір.
2. Табиғатта теріс ықпал ететін биотикалық қатынастардың аз кезде-
11НҰСҚА
суінің маңызы қандай?
3. Қалыптасқан бірлестіктермен салыстырғанда жаңадан дамып келе
жатқан бірлестіктерде теріс ықпал ететін қатынастар басым болу
себебі неде?
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Екі түрдің арасындағы биотикалық қатынасты зерт- ▲ Шалғындық кебісше
теу үшін кебісше туысына жататын екі түрге Кірпікшелі кебісше (Paramecium
aurelia) мен Шалғындық кебісшеге (Paramecium caudatum) эксперимент жүр-
гізілді. Эксперимент барысында алынған нәтижелер кестеде көрсетілген.
1-сынауық 2-сынауық 3-сынауық
Уақыт / күн
P. aurelia P. caudatum P. aurelia P. caudatum
ЖОБАЛЫҚ
0 1 1 1 1
2 6 4 5 3
4 27 13 17 11
6 48 26 34
8 50 28 40 8
10 50 28 46 5
12 50 28 46 2
14 50 28 46 0
16 50 28 48 0
1. Тәжірибеде деректер алу үшін оқушылар қандай жұмыстар жүргіз-
генін анықта.
2. Үш сынауықтағы кебісшелердің екі түрінің ортаның сыйымдылық
шегіне қай күні жеткенін анықта.
3. Үшінші сынауыққа екі түрді бірге араластырғанда не байқалды.
4. Екі популяцияның өсуіндегі айырмашылықтарды түсіндір.
207

