Page 209 -
P. 209

140
                          Даралар саны, дана
                           120
                           100
                                                         қоян
                           80
                           60
                                                           сілеусін
                           40
                           20
                            1845 1855 1865 1875 1885 1895 1905 1915 1925
                                         Уақыт, жыл                                 ЗЕРТТЕУ
                              1
                           Популяциядағы даралар саны  2  3  4  5  жыртқыш          Жыртқыш-құрбан  по-
                                              құрбан
                                                                                    пуляция  сандары  ара-
                                                                                    сындағы  байланысты
                                                                                    анықта
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                                                                    1.  Үш  қоян  мен  бір
                                                                                    қасқырды жаңа мекен
                                                                                    ортасына жіберді.
                                                                                    2. Қоян мен қасқыр по-
                                           Уақыт                                    пуляцияларының  бір-
                                                                                    бірінің санына әсері 20
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           Жыртқыш пен құрбанының                                                   ұрпақ бойына қалай өз-
           қорғануға бейімделушіліктері                                             геретінін бақыла.
                                                                                    3. Алынған нәтижелерді
               Табиғи сұрыпталу барысында түрлер тіршілік ететін орта-              талда.
           ның жағдайларына бейімделеді. Өткір тырнақтар, тістер, тез
           жүгіру, жасырушы рең жыртқыштардың қорегін ұстау үшін
           қалыптасқан бейімделушілік белгілер. Кейбір өсімдіктерде
           өсімдікқоректі жануарлардың жеуінен механикалық қорға-
           ну үшін сояулар түзіледі. Ал тасбақаның сүйекті сауыты оны
           жыртқыштардың сояу тістерінен қорғайды. Оймақгүл өсімдігі               1-ТАЛҚЫЛАУ.  Қазіргі
           құрамындағы улы зат жеген жануардың ағзасын уландырады.                 уақытта  экологтар  попу-
           Қырықаяқтар шар тәрізді домаланып, механикалық қорғанады                ляция санының өзгерісі тек
           және көзді, теріні тітіркендіретін улы зат шашады.                      жыртқыштарға тәуелді деп
                                                                                   ойламайды. Экологтардың
             ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР                                                         пікірін қолдайтын дәлел-
                                                                                   дер (аргументтер) келтір.

             1.  Жыртқыштың даралар саны аз болып келетін популяциясы оның
                 құрбанының санына қалай әсер етеді?
             2.  Жыртқыш санының артуы оның құрбанының санының артуына
                 байланысты екендігінің себебі қандай?
             3.  Көрсетілген тізімнен жыртқыш-құрбан жұптарын анықта:
                 жапырақ-жұлдызқұрт;  жапырақ-біте;  біте-қанқыз;  алма-шие;       2-ТАЛҚЫЛАУ. Ғалымдар
                 инелік-маса; бұлан-өсімдік; құндыз-өсімдік; балдыр-ұлу.           жыртқыш-құрбан  циклін
             4.  Паразит ағзалар мен ауру тудыратын микроағзалар өздерінің қо-     зерттеу  арқылы  жы-
                 жайыны үшін «жыртқыш» рөлінде бола ала ма?                        ртқыштар  санына  бақы-
                                                                                   лау жүргізеді. Бұл бақылау
                                                                                   нәтижесі  бойынша  жой-
           КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы-     ылып  бара  жатқан  түр-
           ның деректері бойынша қазіргі уақытта киіктердің бес негізгі популяциясы бар.   лерді  сақтау  шараларын
           Saiga tatarica tatarica популяциясының үшеуі Қазақстанда, біреуі Ресей Федера-  анықтайды.
           циясында тіршілік етеді. Моңғолия территориясында киіктердің Saiga tatarica
           mongolica бір популяциясы кездеседі. Кеңестер Одағының тарауынан кейін
           киіктерді жаппай аулау жүргізілді. Бұл 1990-2006 жылдар аралығында Дүние
           жүзі бойынша киіктер санының 1 миллион дарақтан 62 500-ге дейін азаюына
           ұшыратты. Қазақстанда киіктердің саны 2015 жылы 295 400-ге жетті. Бірақ 2015
           жылдың май айында киіктердің Бетпақдаладағы популяциялары инфекциядан
           жаппай қырылған. 2018 жылғы соңғы санақ бойынша Қазақстандағы киіктердің
           саны 215 000-ға жетті. Мәтінде берілген ақпараттар бойынша киіктер популяция-
           сының өсуінің графигін сыз. Графикте сигмоидты өсуді көрсететін бөлікті анықта.

                                                                                                        209
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214