Page 244 -
P. 244
Биология біздің өмірімізде
Сенің планетадағы көміртекті ізің қандай
Ғалымдар адамның түрлі өмір сүру салтының планетаның экологиялық жағдайына әсер ету мас-
штабын анықтады. Бұл экологиялық із немесе көміртекті із деп аталады. Бұл арқылы әр адам өзінің
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
планетаның экологиялық жағдайына қалай әсер ететінін көре алады. Экологияда көміртекті із (ағыл.
«Carbon footprint») адамның іс-әрекеттері нәтижесінде бөлінетін жылыжай газдарының мөлшерін ай-
тады. Жылыжай газдарын транспорт, дақылдарды егу және жинау, отынды тасымалдау, тауар, құрылыс
материалдарын өндіру, ормандарды кесіп, ағаш дайындау, жол салу, құрылыс салу, қызмет көрсету са-
лалары бөледі. Дүниежүзі бойынша жылына әр адамға шаққанда 4000 кг көмірқышқыл газы бөлінеді.
Егер сен оқуға, жұмысқа қоғамдық транспортпен бармай, жеке көлікпен барсаң, көміртекті із көп
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
болады. Көміртекті іздің мөлшері осы автокөлікті шығару үшін алынған полимерлер, түрлі прибор-
ларды жасау, заводтағы станоктардың жұмысы, мұнай өндіру кезінде бөлінген көмірқышқыл газының
мөлшерінен көміртекті іздің көлемі анықталады.
Өзіңнің планетадағы көміртекті ізіңді есепте.
1. Көмірқышқыл газының бөлінуі туралы ақпаратты қолданып,
бір күн ішінде мектепте, үйде, саяхатта, тамақтанғанда
қанша көміртекті із қалдыратыныңды есепте.
2. Адамның ізі салынған суретті алынған нәтижелердің
мөлшеріне қарай төрт бағыт бойынша бөл.
3. Әр бағытты тағы да кішігірім бағыттарға бөліп көрсет.
4. Өзіңнің көміртекті ізіңді салған суретті түрлі түске боя.
Сұрақтарға жауап бер.
• Қандай бағыт бойынша сенің көміртекті ізің ауқымды болды?
• Өзіңнің көміртекті ізіңді қалай азайтуға болатыны туралы ойлан.
Көмірқышқыл газының бөлінуі туралы ақпарат.
І Мектеп.
1. Мектептен қаншалықты алыста тұрасың? (бір бағыты)
2. Мектепке қалай келесің?
д. Автомобиль: Сенімен қанша адам болады?
Адам саны Әр км-ге бөлінетін СО2
а. Жаяу = 0
б. Велосипед = 0 0 203
с. Автобус =64 кг CO2 бір км-ге. 1 101
Поезд =57 кг CO2 бір км-ге.
2 68
3 51
ІІ Үй. ІІІ Демалыс.
3. Телевизор қараудың 1 сағаты = 46 кг CO2 8. Жазғы демалыс:
4. Компьютердегі жұмыстың 1 сағаты = 27 кг CO2 а. Машинамен демалысқа бару =
5. Электр жарығының 1 сағат жануы = 20 кг CO2 138 кг CO2 бір демалыста
6. Әр ванна қабылдау = 71 кг CO2 б. Поезбен демалысқа бару = 39 кг CO2 бір демалыста
7. Әр душ қабылдау = 42 кг CO2 с. Автобуспен демалысқа бару = 44 кг CO2 бір демалыста
д. Ұшақпен демалысқа бару = 290 кг CO2 бір демалыста
244

