Page 249 -
P. 249
екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде солдаттардың жараларын
емдеу үшін кең қолданған. Антибиотиктер бактериялардың
жасуша қабырғаларын ерітіп олардың көбеюіне жол бер-
мейді. Сондықтан әртүрлі бактериялық ауруларды емдеу үшін
маңызды болып табылады. Қазіргі кезде пенициллин өндіру
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
үшін зең саңырауқұлақтардың радиациялық жолмен мутация-
ланған жаңа штамдары пайдаланылады. Олардың шығаратын
өнімі бастапқыдан әлдеқайда жоғарғы болып келеді. Өндірісте
саңырауқұлақты арнайы биореакторларда өсіреді. Биореак-
тор - микроағзаларды қоректік ортада инкубациялап мол, таза
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
өнім алуға негізделген прибор.
1-ТАПСЫРМА. «ЭСӘТ» әдісі бойынша биотехнологиялық үрдістердің
маңызы туралы талдау жүргіз.
Э (экономикалық) С (саяси)
Ә (әлеуметтік) Т (технологиялық)
2-ТАПСЫРМА. Биологиялық жуғыш ұнтақ қораптарының сыртындағы ▲ Пеницилл зең
этикеткасын зертте. Жуғыш ұнтақтың құрамында қандай заттар болатынын саңырауқұлағы
анықта. Неліктен биологиялық жуғыш ұнтақтар биотехнология өнімдеріне
жатады деп ойлайсың?
1-ТАЛҚЫЛАУ. Нан пісіру
кезінде ашытқы саңы-
Тағамдық және малазықтық нәруыздар
рауқұлағын қандай мақ-
Микопротеин – негізінен саңырауқұлақтың мицелийінен сатта қолданады? Қамыр
піскеннен кейін ашытқы
тұратын тағамдық нәруызды зат. Микопротеинді өндіру үшін то-
саңырауқұлағы мен оның
пырақтан алынған Fusarium graminearum штаммдары қолданы- зат алмасу өнімдерімен не
лады. Микопротеинді де өндірісте биотехнологиялық жолмен болады?
зең саңырауқұлағынан үздіксіз өндіреді. Субстрат ретінде глю-
коза, әртүрлі көмірсулар қолданылады. Нәтижесінде құрамында
ауыстырылмайтын амин қышқылдары бар жануар нәруыздары
өндіріледі. Әрі тез, мол өнім, құрамы жағынан сапалы бұл үдеріс
әлемдегі азық-түліктік жетіспеушілік мәселелерін шешудің
бір жолы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар малдарға
берілетін сапалы азықтықтың түрлері өндіріледі. Жануартекті
нәруызбен салыстырғанда микопротеиннің ерекшелігі – май
мен холестериннің мөлшері аз болып келеді. Жасанды жол-
мен алынған нәруыздарға әртүрлі түс, дәм, иіс, пішін беретін
арнайы заттарды қосады. Бүгінде осындай жолмен жасанды
ет, сүт, уылдырық, ірімшік сияқты заттар алынады.
Спирт өндіру
Бразилияда жанармай ретінде спиртті қант қамысынан
өндіреді. Қант қамысынан сахарозаны бөліп алғаннан кей-
249

