Page 48 -
P. 48
3.1 Бөліп шығару жүйелері
1-ТАПСЫРМА. Кестедегі ақпаратты пайдаланып, өнімдерді бөліп шыға-
Барлық ағзалардың ратын жануарлар өкілдерін ата.
зәр шығару жүйелері
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
бірдей бола ма? Азотты қалдықтар Құрамындағы азот Суда ерігіштігі мен
атомының саны уыттылығы
Аммиак 1 Өте жоғары
ТІРЕК СӨЗДЕР:
Несепнәр 2 Орташа
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
■ протонефридии Зәр қышқылы 3 Төмен
■ нефридии
Протонефридии
■ мальпигий түтікшелері
Зат алмасудың соңғы өнімі болып табылатын ағзаға уытты
■ жасыл бездер
әсері бар азотты қалдықтарды және артық суды сыртқа шығару –
■ жұлдызша тәрізді бөліп шығару жүйесінің қызметтері. Бұл ағзаның ішкі ортасының
жасуша
гомеостазын сақтауға көмектеседі. Біржасушалылар мембра-
на арқылы сыртқы ортамен үнемі байланыс та болатындықтан
оларда бөліп шығару диффузия негізінде жүреді. Жасушаның
жиырылғыш вакуолі су балансын сақтауға көмектеседі. Көп-
жасушалы ағзаларға бұл қызмет үшін арнайы мүшелер немесе
жүйелер қажет. Жалпақ құрттарда от жалыны сияқты көрінетін
өте көп кірпікшелері бар жасуша болады. Олар «жалынды» не-
месе жұлдызша тәрізді жасуша деп аталады. Жұлдызша тәрізді
▲ Ақ сұламаның бөліп
шығару мүшесі жасушаның кірпікшелері зәрді толқытып, жылжытады. Онда зи-
янды өнімдер сүзіліп, түтікшеге өтеді. Бұл жүйе протонефридии
деп аталады. Түтікшеден зәр саңылауы арқылы сыртқа бөлінеді.
ЕСІҢДЕ САҚТА! Нефридии
Азотты қалдықтардың Шұбалшаңда зәр шығару жүйесі нефридии түрінде қалып-
уыттылығы мен ортадағы тасқан. Шұбалшаңның әр буылтығын ұзын кірпікшелі түтік
су мөлшеріне байланысты құрайды. Оның бір ұшы ағзаның ішкі ортасына қарай ашылып,
жануарлар әртүрлі өнім- екінші ұшы сыртқа шығаратын саңылаумен аяқталады. «Жа-
дерді бөліп шығарады.
лынды» немесе жұлдызша тәрізді жасушалар иірім өзекше-
лері арқылы қап тәрізді жуандаған бөлікке жалғасқан. Түтікше
арқылы өткенде сұйықтықта зат алмасу өнімдері сүзіліп, түтік-
шелік реабсорбция жүреді.
2-ТАПСЫРМА. Сызбаны пайдаланып, бунақденелілердің мальпигий түтік-
шелерінің көмегімен бөліп шығару жолын түсіндір. Жұлдызша тәрізді жа-
суша арқылы зәр шығарумен салыстырғанда Мальпигии түтікшелерінің
қандай бейімделушіліктері артықшылық болып табылатынын анықта.
3-ТАПСЫРМА. Несеп шығаруда, жұлдызша жасушалармен салыстырғанда,
▲ Шұбалшаңның бөліп мальпигий түтікшелерінің қандай құрылым ерекшеліктері артықшылық
шығару мүшесі болып табылады.
48

