Page 44 -
P. 44
Биология біздің өмірімізде
Асқорытуды жылдамдату
Ағзада асқорытуды тездету үшін ферменттердің жұмысына әсер ететін әртүрлі факторлар жүзеге
о
асады. Адам ағзасының дене температурасы 36,6 С. Бұл – біздің ағзамыздағы ферменттердің жұмысы
үшін ең оңтайлы жағдай. Сонымен қатар ферменттердің оңтайлы рН-ы болады. Сілекейдегі амилаза
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
ферменті рН 6,7-7,0 ортада жақсы жұмыс жасайды. Біздің ағзамыздағы протеаза ферменттерінің жұ-
мыс істеуіне әртүрлі рН орта қажет. Асқазанда пепсин ферменті қышқылдық ортада жұмыс жасайтын
болғандықтан, асқазанның жасушалары қышқыл бөледі. Асқазанның қабырғаларын қышқыл мен фер-
менттен қорғау үшін шырышты зат – муцин бөліп, асқазанның ішкі жағын қаптайды. Ұйқы безінде өн-
дірілетін протеазалар сілтілік ортада белсенді. Сондықтан бауырда түзілген өт асқазаннан келетін сөлді
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
бейтараптайды.
Қарын сөлінің нәруызға әсері
1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Қарын сөлін сынауықтарға құй да, 2-сынауықты қыздыр. Барлық сынауыққа
нәруыз құй. Содан кейін 3-сынауыққа сілті қос. 4-сынауықты мұзды суға салып қой. 1-3-сынауықтарды
су моншасына орналастыр.
1 мм қарын сөлі
3-5 тамшы
5% NaOH
I II
1 2 3 4
I II
1 2 3 4
Қайнату
Мұзды
стақан
30 минуттан кейін сынауықтардағы нәруызда қандай өзгеріс болғанын кестеге толтыр.
№ сынауық Сынауық Температура, °С Нәтиже
ішіндегі заттар
10 минут 1
су моншасы
0
t 37 С 2
III III 3
4
2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Бақылау нәтижелерін сипатта және түсіндір. Зерттеу жұмысының қоры-
тындысын жаз.
44

