Page 46 -
P. 46

Асқорыту мүшелері                                   Құрылысы
            a) ауыз қуысы;                          1. Өте қышқылды орта.
            b) тоқ ішек;                 2. Өт сұйықтығын жасайды.
            c) ұйқы безі;                3. Осы жерде тағамның басым бөлігі сіңіріледі.
            d) бауыр;                    4. Тағам механикалық өңдеуден өтеді.
            e) аш ішек;                  5. Панкреатин сөлін бөледі.
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            f) асқазан.                  6. Осы жерде судың көп бөлігі сіңіріледі.
                                                                                                         [2]

           9.  Берілген жұп терминдердің әрқайсысының айырмашылықтарын түсіндір.
               a)  қорыту және сіңіру;
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
               b)  аш ішек және тоқ ішек;
               c)  өт және панкреатин.
                                                                                                         [3]
           10. Кальций, темір, С дәрумені, D дәрумені – ағзаға аздаған мөлшерде өсіп дамуы үшін қажетті қоректік
               заттар.
               А.  Бұл қоректік заттардың органикалық зат болып табылатын екеуін ата.
               Б.  Берілген қоректік заттардың ешқайсысы сіңірілгенге дейін қорытуды неліктен қажет етпейтіндігін
                 түсіндір.
                                                                                                         [1]
           11. Ағзада А дәрумені жетіспеген кезінде қандай белгілерді байқауға болады? Оларды сипатта және
               түсіндір.
                                                                                                         [3]
           12. Нәруыздар, майлар, көмірсулар қорытылу үдерісі кезінде қандай заттарға айналатынын түсіндір.
                                                                                                         [2]
           13. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, асқорыту ферментіне қандай органикалық зат субстрат бола-
               тынын анықта. Берілген тірек-сызбаға фермент пен субстратты және фермент-субстраттық кешенді
               белгілеп жаз. Тірек сөздер: амилаза, крахмал, альбумин.









           14. Берілген график ағзадағы әртүрлі ферменттер реакциясының жылдамдығын көрсетеді. Пепсин, ами-
               лаза және фосфотаза ферменттерінің рН оңтайлы ортасы бойынша қайда орналасқанын анықта.






















           46
           46
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51