Page 18 -
P. 18

Масштабты қолдану арқылы


               арақашықтықты есептеу




                  Бұл сабақта:                      Жер бетіндегі заттарды планға немесе картаға бейнелеуде олар-
                  ✔   масштабты                 ды дәл сол өлшемде түсіру мүмкін емес. Оларды қағаздың көлеміне
                    қолдану арқылы              сай кішірейтіп түсіреді. Ол үшін масштаб пайдаланылады.
                   textbooks nis edu kz
                    арақашықтықты                   Масштаб дегеніміз – жер бетіндегі қашықтықтың қағаз бетіне
                    есептеуді үйренесің.        неше есе кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан. Масштаб сандық,
                                                атаулы және сызықтық деп 3 түрге бөлінеді.






                                                           МАСШТАБ



                               САНДЫҚ                       АТАУЛЫ                    СЫЗЫҚТЫҚ

                                1 : 1000                1 см-де – 10 м         10 0 10 20 30 40 50 60 м





                                                    Сандық масштаб – бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы
                                                бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтіл-
                                                генін көрсетеді.  Мысалы, 1:10 000 болса, бұл жер бетіндегі қашықтық
                                                10 000 есе кішірейтіліп алынғанын көрсетеді. Бөлшектің бөліміндегі
                                                сан көбейген сайын, масштаб ұсақтала береді. Ал бөліміндегі санның
                                                мөлшері азайған сайын масштаб ірілене береді. Мысалы, 1:10 000
                                                масштабы 1:50 000 масштабқа қарағанда ірі.
                                                    Атаулы масштаб – жер бетіндегі қашықтықтың пландағы неме-
                                                се картадағы 1 см-ге сәйкес келетінін көрсететін масштаб түрі. Атаулы
                                                масштабта планның немесе картаның масштабы сөзбен жазылады.
                                                Мысалы, 1:10 000 масштабы сөзбен 1 см-де – 100 м (10000 см-ді
                                                метрге айналдырғанда – 100 м) деп беріледі.
                                                    План мен картада арақашықтықты дәл анықтауда сызықтық
                                                масштаб қолданылады. Осы масштаб арқылы пландағы заттардың
                                                дәл өлшемдері мен арақашықтығын анықтауға болады. Сызықтық
                                                масштаб өзара параллель екі қатар сызықтан тұрады. Сызық көлде-
                                                нең сызықшалармен өзара тең бөліктерге бөлінеді. Бұл кесінділердің
                                                әрқайсысы атаулы масштабта көрсетілген санға тең етіп алынады.
                                                Сол жағындағы ең шеткі кесінді одан әрі ұсақ, бір-біріне тең шағын
                                                бөліктерге бөлшектенеді. Бұл – сызықтық масштабтың ең кіші бөлігі.













         18
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23