Page 17 -
P. 17

География













                   textbooks nis edu kz






























                Масштабына байланысты: 1:100 000 және одан ірілері – ірі масштабты карталар, 1:200 000-нан
            1:1000 000-ға дейін орта масштабты карталар, 1:1 000000-нан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға
            жатады.
                Картаның аса маңызды элементтерінің бірі – оның түсіндірме бөлігі болып табылады. Түсіндірме
            бөлік шартты белгілер, мәтіндік түсіндірме, кесте болып жіктеледі.
                Карта масштабында кескінделуіне сәйкес келетін нысандар аудандық, сызықты және нүктелік
            шартты белгілер арқылы беріледі. Аудандық белгілермен орман, шалғын, батпақ, көл т. б., нүктелік
            белгілермен елді мекендер, пайдалы қазбалар, ал сызықты белгілермен өзен, жол, шегара, құбыр
            сияқты нысандар белгіленеді.
             Ерекшеліктері                                    План                 Географиялық карта
             Масштаб
             Меридиандар мен параллельдер
             Жер шарының дөңестігі
             Шартты белгілер



                СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
              1.  16-бетте берілген физикалық картаны         3.  Меңгерген біліміңді пайдалана отырып,
                 шартты белгілер арқылы сипатта.                 план мен картаның айырмашылығын
              2.  Физикалық картаны пайдалана отырып:            анықта. Берілген кестені дәптеріңе сызып
                                                                 алып толтыр.
                 1.1. Анд және Тянь-Шань тауларының
                    биіктігін тап.                            4.  16-17-беттегі карталар мазмұнына қарай
                                                                 қандай картаға жататынын анықта.
                 1.2. Тынық және Атлант мұхиттарының
                    тереңдігін анықта.                        5.  Туристер үшін қандай карталар маңызды
                                                                 ақпарат көзі болып табылады?
                                                                                                                 17
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22