Page 16 -
P. 16

Географиялық карталардың жіктелуі



                  Бұл сабақта:                      Географиялық карталардың қолданылу аясы өте кең. Теңізшілер,
                  ✔  географиялық карталар      жүргізушілер, саяхатшылар барлығы географиялық картаны пайдала-
                    мен шартты белгілерді       нады. Бірақ картаны олар әртүрлі мақсатта қолданады. Жол картасы
                    жіктеуді;                   саяхатшыларға бағыт-бағдарын жоспарлауға көмектеседі. Қаланың
                   textbooks nis edu kz
                                                ішіндегі ғимараттарды іздеуде үлкен масштабты карталар қажет. Әлем
                  ✔  географиялық шартты        елдерімен танысу үшін ұсақ масштабты саяси карта пайдаланылады.
                    белгілерді қолдана              Географиялық карталар дегеніміз – математикалық жолмен анықта-
                    отырып, карталарды          лып, кішірейтілген және жинақталған Жер беті пішінінің көрінісі.
                    оқуды үйренесің.
                                                    Географиялық карталар мазмұнына, қамтитын аумағының ауданына
                                                жəне масштабына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
                                                    1. Мазмұнына қарай: жалпы географиялық немесе физикалық
                                                және тақырыптық (арнаулы жəне кешендік) карталар деп бөлінеді.
                                                    2. Қамтитын аумағына қарай: дүниежүзілік, материктік, мұхиттық,
                                                жеке елдер т. б. карталары деп жіктеледі.
                                                    3. Масштабына қарай: ірі масштабты, орта масштабты жəне ұсақ
                                                масштабты деп бөлінеді.
                                                    Жалпы географиялық карталарда жер бетіндегі барлық нысандар –
                                                жер бедері, жер бетіндегі сулар (өзендер, көлдер, теңіздер), өсімдіктер,
                                                елді мекендер, қатынас жолдары, шегаралар, өнеркәсіп пен ауыл ша-
                                                руашылығының кейбір көріністері және т.б. бейнеленеді.





































                                                                        Дүниежүзінің физикалық картасының бейнеленуі


                   Тақырыптық карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалады. Оларда табиғат
               құбылыстары, шаруашылық салалары, халықтың саяси-әлеуметтік жағдайлары және т.б. жеке бір
               тақырыптар беріледі. Мысалы, дүниежүзінің саяси картасы, тектоникалық және геологиялық карта,
               климаттық белдеулер картасы, табиғат зоналары картасы.
         16
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21