Page 15 -
P. 15

План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін шартты белгілер қолданы-       География
            лады. Шартты белгілердің суреті немесе түсі планда бейнеленетін нысанның ерекшелігін көрсетеді.
            Мысалы, жеке-дара ағаштың, жел диірменінің, бұлақтың және тағы да басқа нысандардың белгілері
            олардың нақты пішінін береді. Көлдер (көк), ормандар (жасыл) т.б. түстермен ажыратылады.
                Шартты белгілер масштабты (контурлық), масштабтан тыс, түсіндірмелі және сызықтық
            болып жіктеледі.
                Контурлық белгілер орманның, көлдің, шабындықтың және олардың аумағын да білуге мүмкіндік
                   textbooks nis edu kz
            береді.
                Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін емес болса,
            заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Мысалы, жаңа өскен ағаштар, құдықтар т.б.
            Масштабтан тыс шартты белгілер – тиісті нысанның сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар.
                Сызықтық нысандар да масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар нысан осін оның
            табиғи орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама үлкейтіліп көрсетіледі.
                Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді
            түсіндірмелі шартты белгілер дейді. Мысалы, өзендердің ағыс жылдамдығы, көпірдің ұзындығы,
            ормандағы ағаштардың жанында жазылған сандар және т.б. түсіндірмелі белгілерге жатады.









                      көл              орман                  бұлақ   метеостанция    жанармай         шахта
                                                                                       қоймасы

             Ә. Масштабты (контурлық) шартты белгілер                          Б. Масштабтан тыс шартты белгілер





                                                                                 Байкал
                                                                                   көлі
                   темір жол              жақсартылған
                                             қара жол

             В. Сызықтық шартты белгілер                                          Г. Түсіндірмелі шартты белгілер



                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Жергілікті жердің ортаңғы бөлігінде орналасқан бақылаушының ақпараттарын пайдалана отырып,
                 жергілікті жердің планын сыз.
              Масштабы 1 см-де 100 м.

                  •  Солтүстікте 300 м-де мектеп.               •  Оңтүстік-батыста 200 м-де бұта.
                  •  Шығыста 250 м-де бұталар.                  •  Солтүстік-шығыста 450 м-де аралас орман.
                  •  Солтүстік-батыста 400 м-де жеміс бағы.     •  Батыста 200 м-де сирек орман.
                  •   Оңтүстікте 150 м-де көл, шығыс жағалау
                   батпақтанған.
              2.  Картадағы шартты белгілермен таныса отырып, олардың түрлеріне 3 мысалдан жаз.

                  a) масшатабты;         ә) масштабтан тыс;     б) сызықтық;           в) түсіндірмелі.

              3.  Шартты белгілерді пайдалана отырып, өз мектебіңнің планын дәптерге сыз.
                                                                                                                 15
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20