Page 24 -
P. 24

Білімдеріңді тексеріңдер





        textbooks nis edu kz



               1. Заттың қандай да бір агрегаттық күйде болуы нені
                  анықтайды?
                  a) молекулалардың қозғалысын;
                  ә)  молекулалардың орналасуын;
                  б)  молекулалардың  қозғалуын,  орналасуын,  өза-
                     ра әрекеттесуін;
                  в) молекулалардың тербелісін.
               2. Қиярды  тұзды  суға  салса,  біраз  уақыттан  кейін
                  қияр тұздалады. Неліктен? Қандай үдеріс жүреді?
                  a)  диффузия;            б)  булану;
                  ә)  химиялық реакция;    в)  жылуөткізгіштік.
               3. Заттың  газтәрізді  күйден  сұйық  күйге  өтуі  туралы
                  тұжырымдамалардың қайсысы (1–3) дұрыс? Дұрыс
                  жауабын таңдаңдар: a, ә, б немесе в.
                  1. Олардың  молекулалары  арасындағы  орташа
                     қашықтық азаяды.
                  2. Молекулалар бір-біріне күштірек тартылады.
                  3. Температура төмендейді.
                  a) тек 1;                б)  тек 3;
                  ә)  тек 2;               в)  1, 2 және 3.
               4. Заттың  көрші  бөлшектері  арасындағы  қашықтық
                  бөлшектердің  мөлшерінен  бірнеше  есе  көп.  Бұл
                  тұжырымдама төмендегілердің қайсысына сәйкес
                  келеді:
                  а) сұйықтықтар;          б) газдар және сұй-
                  ә) газдар;                  ықтықтар;
                                           в) қатты заттар.
               5. Неліктен  қатты  күйдегі  ауа  сергітушісі  уақыт  өте
                  келе  азаятынын  және  таусылатынын  түсіндіретін
                  таныстырылым  дайындаңдар.  Бұл  құбылыс  қалай
                  аталады?






               Білімдеріңді бағалаңдар
               ● Бұл тарауды қорытындылау үшін тірек сөздерді пайдаланып, зияткерлік карта
                  дайындаңдар.
               ● Осы тараудың негізгі идеяларын қаншалықты жақсы оқып білдіңдер? Тапсыр-
                  маны орындау үшін берілген кестені қолданыңдар.

                   Мен барлығын
                    түсіндім және          Маған көбірек           Маған қосымша           Білімді арттыру
                 басқа оқушыларға          практика қажет          сабақтар керек           үшін маған ...
                                                                                                қажет
                 көмектесе аламын















         24
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29