Page 29 -
P. 29

ХИМИЯ
               Сіріңкені  фосфор,  күкірт  және  калий  хлораты
            деп  аталатын  арнайы  химикаттардан  жасайды.
        textbooks nis edu kz
            Фосфор  мен  күкірт  отын  болып  табылады.  Калий
            хлораты оттектің көп мөлшерін қамтамасыз етеді.



               Күкірт пен фосфордың оттекте жану өнімдері
            оксидтер болып табылады:
               •    күкірт + оттек = күкірт диоксиді;
               •    фосфор+ оттек = фосфор оксиді.

               Бейметалл оксидтері суда ерігенде қышқылдар
            түзіледі. Мысалы:
               •    күкірт диоксиді + су = күкіртті қышқыл;
               •    көміртек диоксиді + су = көмір қышқылы.

               Газтәрізді  күкірт  диоксидінің  атмосфераға
            бөлінуінен  қышқыл  жауын  түзіледі  және  жауады.
            Жанартау  атқылаған  кезде  атмосфераға  күкірт
            диоксиді  мен  күкіртсутек  сияқты  улы  заттар
            бөлінеді.                                           Орындаңдар

                                                               1.  Кейбір  бейметалдар  жанбайды,  сондықтан
                                                                  қалыпты  жағдайда  оксидтер  түзбейді.  Осы
                                                                  ақпаратты қолдана отырып, кремнийдің бұл
                                                                  қасиетінің кейбір өнеркәсіп салаларындағы
                                                                  алмастыруға  болмайтын  маңызын  бол-
                                                                  жаңдар.
                                                               2.  Бұрын  бағбандар  жылыжайларда  зеңнен
                                                                  құтылу  үшін  күкіртті  өртеген.  Осы  үдерісті
                                                                  көрсететін реакцияның теңдеуін сөзбен жа-
                                                                  зыңдар. Неліктен осы әдіс сәтті деп ойлай-
                                                                  сыңдар? Неге бұл әдіс қазіргі кезде қолда-
                                                                  нылмайды?
                                                               3.  Металлургия комбинаттарында қандай газ-
                                                                  дар бөлінеді? Осы газдар су немесе жаңбыр-
                                                                  мен араласқанда не болады? Бұл өсімдіктер,
                                                                  жануарлар,  ғимараттар  мен  құрылыстарға
                                                                  қалай әсер етеді?
                                                               4.  Қалай ойлайсыңдар, көмір (көміртек) кесегі
                                                                  жанған кезде қандай өнімдер түзіледі? Ұн-
                                                                  тақталған  көмір  қолданған  кезде  реакция
                                                                  қалай өзгереді?

























                                                                                                                 29
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34