Page 26 -
P. 26

3.1.   Жанатын және


                          жанбайтын заттар

        textbooks nis edu kz

                 Өрт неден пайда                   Ежелгі   заманда    адамдар
                 болады? Өртті                  найзағайдың  ағаш  пен  шөпті
                 сөндіру үшін                   өртейтінін байқаған. Алайда тас
                 қандай шаралар                 үлкен  өрттің  өзінде  жанбайды.
                 қолдану керек?                 Тас  неліктен  жанбайды  деп
                                                ойлайсыңдар?
                                                   Жанатын     материалдар    –
                                                тұтану  үшін  қажетті  энергия
                                                берілгенде  тұтанып  жанатын
                                                заттар. Жанбайтын заттар – қат-
                                                ты  қыздырған  кезде  де  ауада
                                                жанбайтын заттар.


                   Қағаз              Шыны



                                                   1-тапсырма
                                                   Суретте   көрсетілген   материалдардың    қайсысы    жанады
                                                (жанатын зат)? Заттың жану қасиетін білу неліктен маңызды деп
                                                ойлайсыңдар?
                   Көмір              Гранит
                                                   Заттар  жанатын  реакцияларды  жану  реакциялары  деп  атайды.
                                                Қоршаған  ортада  жану  үдерістерін  бақылауға  болады.  Сендер
                                                оттың  жарығын  көре  аласыңдар  немесе  отқа  күйіп  қалуларың
                                                мүмкін. Белгілі бір отын түрінің жануы нәтижесінде бөлінетін жылу
                                                мен жарық мөлшері ауадағы оттек мөлшеріне байланысты.
                                                Мысалы,  күкірттің  жану  үдерісін  қарастырайық.  Күкірт  атомдары
                                                оттек атомдарымен қосылады. Күкірт диоксиді деп аталатын алынған
                   Құм                Су        өнім екі химиялық элементтен: күкірт пен оттектен тұратын қосылыс
                                                болып табылады. Жану үдерісінің теңдеуін кез келген басқа үдерістің
                                                теңдеуі сияқты сөзбен жазуға болады: күкірт + оттек = күкірт диоксиді.
                                                Теңдеудің  сол  жағына  реакцияға  түсетін  заттардың  атаулары  «+»
                                                белгісі арқылы жазылады. Теңдеудің оң жағына түзілетін заттардың
                                                атаулары  жазылады.  Олардың  арасына  «→»  немесе  «=»  белгісі
                                                қойылады.

                    Пластик          Кірпіш        2-тапсырма
                                                1. Ауаның құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма сызыңдар. (Сендер
                                                   жаратылыстану курсынан ауаның құрамы туралы білесіңдер.)
                                                2. Заттың  жануы  үшін  қандай  жағдай  қажет?  Берілген  «Оттың  үш
                                                   үшін қажет. Үшбұрыштың бір жағын алып, жануды тоқтатуға немесе
                                                   құраушысына»  қараңдар.  Үшбұрыштың  әрбір  жағы  жану  үдерісі
                                                   факторлардың бірін арттырып, жануды күшейтуге болады.
                                                   Ауаның  қай  бөлігі  заттың  жануын  қолдайды?  Газ  жанарғысында
                    Оттек           Жанғыш зат, отын  тұрған  кәстрөлдің  ішіндегі  қайнау  үдерісін  азайту  үшін  не  істеу
                                                   керек? Осы үдерісті қалай тоқтатуға болады? Ашық отта ет күйіп
                                                   кетпеу үшін не істеу керек?






                          Тұтану көзі

                       Оттың үш құраушысы



         26
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31