Page 30 -
P. 30
3.3. Металдардың оттекте жануы
textbooks nis edu kz
Көп жылдар бұрын Кейбір металдар оттекпен әрекеттесіп, оксидтер түзеді.
фотографтар жар- Литий, кальций және магний сияқты химиялық белсенді металдар
қыл үшін қандай ауада оңай жанады. Белсенді металдар таза оттекпен одан да оңай
металл қолданған әрекеттеседі. Темір мен мыс сияқты кейбір металдар ауада жанбайды,
және неліктен? бірақ олар таза оттекте оңай жанып, оксид түзеді. Мысалы, мыс қара
түсті мыс оксидін түзеді.
• металл + оттек → металл оксиді
• натрий + оттек → натрий оксиді
Ойланыңдар
Металдардың жану реакциялары металдарды кесу үшін
қолданылады. Металдың беттік қабаты балқып, оттекпен реакцияға
түседі. Адамдар осы реакцияны қолданбағанда біздің өркениет
қандай болар еді? Автокөліктер жасап, биік үйлер мен темір
жолдарды салар ма еді? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
Зерттеңдер
1. Натрий, кальций және магний металдарының оттек бар шыны
құтыда жану реакциясын бақылаңдар. Жұмыс алдында:
a) металдар жанған кезде;
ә) жанып болған соң;
б) өнімдер алынған құтыға су және әмбебап индикатор қосқан
кезде байқалатын құбылыстарға болжам жасаңдар. Индикатор
түсінің өзгеруіне назар аударыңдар.
2. Ылғал ағаш шырпы, аздаған магний немесе темір ұнтағын қолда-
на отырып, бенгал шамын жасаңдар. Алынған қоспаны жағыңдар.
3. Мыстың ауада жануын бақылаңдар. Мұғалімнің жанарғыда мыс
пластинкасын қыздырғанын бақылаңдар. Мыс пластинкасының
қыздырылуы мен құм моншасында салқындату нәтижелерін са-
лыстырыңдар.
4. Таттану үдерісінің жылдамдығы туралы ойланыңдар. Темір ұнтағы
немесе темір пластинкасының таттану үдерістерінің жылдам-
дығын салыстыратын эксперимент жоспарын жазыңдар.
5. Енді қорытынды жасаңдар.
А. Металдардың оттекпен реакциясы нәтижесінде қандай заттар
түзіледі?
Ә. Мыс немесе темірдің оттекпен реакциясы және магнийдің от-
текпен реакциясы арасында қандай айырмашылық бар?
Ойланыңдар
«Алтын адам» бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген. Алайда оның ба-
скиімі мен киіміне тігілген алтын пластинкалар әлі кезге дейін жыл-
тырайды!
таза күйінде табылады?
Қалай ойлайсыңдар, неліктен күміс немесе алтын осы кезге дейін
Алтын адам
30

