Page 34 -
P. 34

4.1.   Табиғи қышқылдар мен сілтілер.


                          Индикаторлар

        textbooks nis edu kz

                 Суретте көрсетілген
                 азық-түлік                       Есте сақтаңдар!
                 өнімдерінің қандай
                                                     Химиялық  элементтер  металдар  мен  бейметалдар  болып
                 ортақ қасиеті бар                бөлінеді.  Металдар  мен  бейметалдар  оттекпен  әрекеттескен
                 деп ойлайсыңдар?                 кезде оксидтер түзіледі.




                                                   Бейметалл  оксидтері  қышқыл  оксидтер  деп  аталады.  Суда
                                                еритін қышқыл оксидтер, мысалы, көмірқышқыл газы немесе күкіртті
                                                газдар  қышқылдар  түзеді.  Көптеген  жидектер  мен  көгөністердің
                                                құрамында  оларға  қышқыл  дәм  беретін  табиғи  органикалық
                                                қышқылдар, мысалы, алма не лимон қышқылдары болады.
                    Алма              Жүзім
                                                   Магний оксиді сияқты металл оксидтері негіздік оксидтер деп
                                                аталады. Суда еритін металл оксидтері сілтілер түзеді. Ұстаған кезде
                                                сабын сияқты тұрмыстық ерітінділер сілтілерге жатады. Табиғи сабын
                                                тәрізді  заттарға  сабын  қайнатуда,  мата  бояуда  қолданылатын  сода
                                                мен сақар (поташ) жатады. Ерте заманда адам алғаш рет кездестірген
                                                сілтіге әк жатады. Әкті кальций карбонатын қыздырып алған.
                                                   Әртүрлі заттардың қышқылдық және сілтілік қасиеттері тұрмыстық
                   Құлпынай           Лимон
                                                химияда кеңінен қолданылады. Дүниежүзінде жыл сайын шамамен
                                                30  млн  т  тұрмыстық  химия  тауарлары  өндіріледі.  Оларға  жуғыш,
                                                залалсыздандыратын,  жәндіктермен  күресуде  және  өсімдіктерді
                                                қорғауда қолданылатын заттар, бояулар мен желімдер жатады.
                                                   Қышқылдар  мен  сілтілерді  анықтау  үшін  индикаторлар
                                                қолданылады.  Индикатор  дегеніміз  –  әртүрлі  ортада  өзінің  түсін
                                                өзгертетін заттар. Кейбір табиғи экстракттарды индикаторлар ретінде
                                     Сіркесу
                                                қолдануға болады.










































         34
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39