Page 35 -
P. 35
Зерттеңдер
Қышқылдар мен сілтілерді анықтау үшін индикаторлар қолданылатын шағын жоба ХИМИЯ
жасаңдар.
textbooks nis edu kz
1. Қолда бар табиғи заттардан түрлі түсті экстракт алыңдар.
2. Күнделікті қолданылатын қышқыл және сілті ерітінділерін пайдаланып, өздеріңнің
түрлі түсті индикаторларыңа тест жүргізіңдер.
3. Зертханада қолданылатын ерітінділерге тест жүргізіңдер:
a) тұз қышқылы; г) ас содасы;
ә) лимон қышқылы; ғ) натрий фосфаты;
б) бор қышқылы; д) натрий гидроксиді.
в) дистилденген су;
4. Суретте жоғарыда аталған ерітінділердің раушангүл күлтелерінен дайындалған ин-
дикаторлар арқылы жүргізілген тест нәтижелері көрсетілген.
5. Раушангүл күлтелерінен дайындалған индикаторлар арқылы алынған нәтижелерді
өздеріңнің индикаторларыңмен жүргізілген тест нәтижелерімен салыстырыңдар.
6. Сондай тестті: а) әмбебап индикатормен; ә) метилоранжбен; б) фенолфталеинмен
жасап көріңдер. Нәтижелерін кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар. Қорытынды
жасаңдар.
Орындаңдар
Жобаны өзара талқылап, нәтижелерін түсіндіріңдер және қорытынды жасаңдар.
1. Қышқылдар мен сілтілердің арасында қандай айырмашылық бар?
2. Олар тұрмыста не үшін қолданылады?
3. Индикаторды қалай жасауға және тест жүргізуге болады? Ғалымдар
индикаторды не үшін қолданады?
4. Лакмустың түсі:
а) апельсин шырынында;
ә) сусабында;
б) суда қалай өзгереді?
5. Ғалым мынадай элементтерді:
а) натрийді;
ә) магнийді;
б) күкіртті оттекте жақты.
Жану өнімдерін суда еріткен кезде метилоранждың түсі қалай өзгереді?
35

