Page 37 -
P. 37
Қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерін химиялық индикатор-
лардың көмегімен де анықтауға болады. ХИМИЯ
Олардың ішінде лакмус, метилоранж және фенолфталеин едәуір
textbooks nis edu kz
көп қолданылады.
Индикатор Қышқылдық орта Бейтарап орта Сілтілік орта
Лакмус Қызыл Күлгін Көк
Метилоранж Қызыл Кызыл сары Сары
Фенолфталеин Түссіз Түссіз Қызыл күрең
Зерттеңдер
Сендерге асқазан қыжылын емдеу тиімділігін сынау ұсынылады.
1. 10 см асқазан сөлін өлшеп алыңдар. Әмбебап индикатор қағазын
3
алып, рН мәнін анықтаңдар.
2. Егер асқазан сөліне бірнеше тамшы антацид тамызса (қыжылды
басатын дәрі), рН мәні қалай өзгереді?
3. Қыжылды басатын антацидтік таблеткалардың бірнеше түрін са-
лыстырыңдар. Таблеткалардың құрамын қарап, белсенді ингре-
диентін табыңдар. Қандай антацид едәуір тиімді болып табылады?
Неге осындай шешім қабылдадыңдар?
4. Қышқыл мен сілтіні араластырса не болады? Қандай қорытынды
жасауға болады? Өз қорытындыларыңды дәптерге жазыңдар.
Орындаңдар
1. Суретте сілтіге индикатор қосқан соң түсінің өзгеруі
көрсетілген. А, Ә және Б сынауықтарында қандай ин-
дикаторлар қолданылған?
2. Әмбебап индикатордың басқа индикатордан айыр- A Ә Б
машылығын айтыңдар.
3. Күшті қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеген
кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
4. Натрий гидроксиді мен тұз қышқылының бірдей мөл-
шерін араластырса не болады?
5. Егер жабайы ара шағып алса, денеге сілті енеді. Осы
сілтіні бейтараптау үшін қандай сұйықтық қолдану ке-
рек?
37

