Page 136 -
P. 136

11.5   Қазақстанның экологиялық мәселелері



             1-тапсырма     Қазақстанның және өзің тұратын аймақтың негізгі эко-
            логиялық мәселелерін атап шық. Қоршаған ортаның ластануы қандай       Қазіргі заман өндірісінде
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  қалпына келмейтін және
            өндіріс көздерінің салдары болуы мүмкін? Бұл өндіріс көздерінің суға,   баламалы отын түрлерін
            топыраққа, ауаға әсерін зертте. Көрсетілген мәселелердің себептері,   пайдалану диаграммасын
            салдары мен шешу жолдарын көрсет.
                                                                                  зерделе. Табиғи экожүйелер
                                                                                  мен адам денсаулығына
                                                                                  энергия көзі ретінде мұнай,
                                                                                  көмір және табиғи газды
                                                                                  одан әрі пайдаланудың
                                                                                  салдары қандай? Баламалы
                                                                                  энергия көздерін пайдала-
                                                                                  нудың болашағын көрсет.







            Адам іс-әрекетінің табиғи экожүйелерге теріс
            әсері                                                                  Отынның негізгі түрлерін пайдалану, %

                Адамдар өз қоршаған ортасын қайта қалпына келмейтін-
            дей етіп өзгертеді. Автокөліктер, пойыздар мен ұшақтар ат-
            мосфераға улы газдарды шығарады. Ауыл шаруашылығында
            қолданылатын пестицидтер мен тыңайтқыштар суқоймалар
            мен жерасты суларына түсіп, экожүйелерді улап, қоректік                                       Жылдар
                                                                                     Мұнай   Газ     Ядролық
            тізбектер арқылы адамның өзіне әсер етеді.                               Көмір   Су      Қалпына келетін
                Өнеркәсіптің қарқынды дамуы кен, көмір мен мұнайды                                   көздер
            көп өндіруді талап етеді. Алайда бұның барлығы табиғи ре-
            сурстардың сарқылуына әкеледі. Көмір, мұнай және табиғи               Тірек сөздер
            газ – қалпына келмейтін энергия көздері, олардың Жердегі              Экологиялық мәселелер, қор-
            қоры жедел қарқынмен азаюда. Оларды жағу кезінде улы                  шаған ортаның ластануы, ба-
            газдар, күйе мен шаң атмосфераға таралып, қоршаған ор-                ламалы энергетика.
            таның ластануына әкеледі.
                Қалалардың, жолдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың
            құрылысы Жер бетін өзгертуде. Топырақ эрозиясы, орман-
            дардың жойылуы, шаңды дауылдар, өзендердің таяздығы –
            адамның табиғатқа тигізген теріс әсерінің салдары.

            Мұнай – қоршаған ортаны ластау көзі

                Анықталған деректерге сәйкес, Қазақстан мұнай қоры
            бойынша әлемде 9-орынды иеленеді. ТМД елдерінің ішін-
            дегі екінші ірі мұнай өндіруші ел болып табылады. Мұнай-
            газ саласы біздің еліміздің экономикасында маңызды рөл                  Жаңаөзен – Қазақстандағы
            атқарады.                                                                    мұнай кен орны


             136
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141