Page 137 -
P. 137

Осы ретте, мұнай ұңғымаларын пайдалану
          және мұнайды тасымалдау орындары ең осал
          жерлер болып табылады. Мұнаймен ластану то-             Біріккен Араб Әмірліктері
          пырақтың құрылымын бұзып, топырақта тіршілік
          ететін жануарлардың тіршілігін жоюына әкеледі,
                  textbooks nis edu kz
          өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуін бұза-
          ды. Соның салдарынан жеке экожүйелер мүлдем
          жойылып кетеді немесе тірі ағзалардың тіршілігі
                                                                     Мұнайдың дәлелденген әлемдік қоры
          үшін жарамсыз болып қалады.
             Топырақтың мұнаймен ластануы қоректік тізбек арқылы адамға да зиянды әсер етуі
          мүмкін.
          2-тапсырма    Мұнайдың бір тоннасы 12 км -ге жуық бетті қабықпен қаптай алады. Неліктен бұл қабат ұсақ
                                                  2
          өсімдіктер мен жануарлар (планктон), балық, суда жүзетін және теңіз сүтқоректілерінің тіршілік етуіне мүм-
          кіндік бермейді?
          Баламалы энергия көздері – болашақтың энергиясы

             Табиғи ресурстардың сарқылуы, дәстүрлі энергияның
          табиғатқа теріс әсер етуі, экологиялық дағдарыс қаупі – ба-
          ламалы энергетиканың дамуына ықпал ететін факторлар
          болып табылады. Көмір, мұнай, газ қорының көптігіне қа-
          рамастан, Қазақстан баламалы энергия көздерін тұтынуға
          жақсы көңіл бөледі. Аумағы үлкен, климаттық жағдайлары
          да әртүрлі болғандықтан және жер бедерінің ерекшелік-
          тері жағынан да біздің еліміз су, жел және күн сәулелері
          энергияларын пайдалануға әлеуеті молынан жетеді. Қазақстанда гидроэлектростанциялар
          кең тараған. Жел үздіксіз соғып тұратын аймақтарда ауа ағыны энергиясын пайдаланатын
          электр станциялары орнатылады. Жел генераторлары Ақмола және Жамбыл облыстарында
          орнатылған. Күн батареяларын қолдану кең қолданысқа ие болып келеді. Ең алғашқы күн
          электр станциясы Маңғыстауда пайда болды.
          3-тапсырма    Заманауи өнеркәсіптегі қалпына келмейтін және баламалы отын түрлерін пайдалану мәсе-
          лелерін талқыла.

           Өзіңді тексер

           1.   Экологиялық тәуекелдіктің арту тәртібімен мұнай өндіруге байланысты факторларды белгіле:
           –  теңіздер мен мұхиттар бетіне мұнайдың төгілуі;
           –  энергияның көп мөлшерін өндірудің қажеттілігі;
           –  Дүниежүзілік мұхиттың ластануы;
           –   мұнайды өндіру мен тасымалдау мөлшерінің артуы.
           2.  Мынадай пікірді «жақтайтын» және «даттайтын» дәлелдер тізбесін құрастыр:
               «Мұнай және газ өндіру – қауіпсіз, себебі мұнда озық технологиялар қолданылады».


          Күрделілігі жоғары тапсырма   Дүкеннен тауар сатып алғанда,
          біз қаптамасындағы белгілерге жиі назар аудармаймыз. Олар
          нені білдіреді деп ойлайсың? Тауарлардың қаптамаларына қо-
          сымша қандай белгілер қоюды ұсына аласың?



                                                                                                        137
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142